Бүгін қасиетті жұма күні ардақты Алла Елшісінің (с.ғ.с) туған айының құрметіне орай, «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінде Мәуліт оқылды.
Мәуліт оқыту – сан ғасырдан бері бабаларымыз дәстүрге айналдырған арда құндылықтарымыздың бірі. Тәуелсіздік алғаннан кейін аталған құндылық қайта жаңғырып, мазмұн жағынан да, формасы жағынан да толығып, халықтық мерекеге айналып үлгерді.
Қасиетті жұма күні жылдағы үрдіс бойынша, «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінің ұстаз, қарилары – Нуриддин Абдусамадұлы және Мұрат Рысбаев арнайы Мәуліт оқыды. Жиналған жамағат Пайғамбарға (с.ғ.с) салауат айтып, Алла Елшісіне (с.ғ.с) деген сағыныш пен махаббатын білдірді.
Мәуліт соңында Бас имам Нұрлан Рамазанов еліміз бен жерімізге тыныштық, халқымызға береке-бірлік тілеп, арнайы дұға жасады. Мерекеге орай, жұма намазына жиналған жамағатқа құрма үлестіріп, мерекелік көңіл-күй сыйлады.
ummet.kz