29
Жұма,
Наурыз

һижри

«Әл-Фараби» мешіті ерекше балаларға қайырымдылық жасады (фото)

«Әл-Фараби» мешіті ерекше балаларға қайырымдылық жасады (фото)

Мешіт тынысы
Жарнама

Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Адамдардың ең қайырлысы – ол өзгеге пайдасы тигені» деген. Осы өсиетке амал еткен «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінің ұжымы бүгін қаламыздағы жиырма отбасына қуаныш сыйлады.

«Сауап» белсенділер тобының атсалысуымен бірге ұйымдастырылған кезекті қайырымдылық шарада қаламыздағы психоневрологиялық патологиясы бар ерекше  балалардың ата-аналарына бір айлық көлемінде азық-түлік үлестірілді.

Алла Елшісі (с.ғ.с): «Кімде-кім жақсылыққа жол сілтесе, сол үшін сауапты болады» деген. Үнемі жақсылық жасауда үлгі боп келе жатқан «Сауап» белсенділер тобының жанашыр да, қамқор азаматтары мешіт қабырғасында өтетін көптеген қайырымдылық істердің басы-қасынан табылып, әрдайым игі істерге қолдау көрсетіп келеді. Қайырымды істің жылулығын сезінген отбасылар халықтың алғысына бөленіп, рақметін алған атымтай жомарт азаматтарға, мешіт ұжымына келген отбасылар ризашылықтарын білдірді.

211022 Qaiyrymdylyq 1

211022 Qaiyrymdylyq 2

211022 Qaiyrymdylyq 3

211022 Qaiyrymdylyq 4

211022 Qaiyrymdylyq 5

211022 Qaiyrymdylyq 6

211022 Qaiyrymdylyq 7

211022 Qaiyrymdylyq 8

ummet.kz

Бөлісу: