29
Жұма,
Наурыз

һижри

«Әл-Фараби»: Мешіт жамағатына дастархан жайылды (фото)

«Әл-Фараби»: Мешіт жамағатына дастархан жайылды (фото)

Мешіт тынысы
Жарнама

«Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінде Мәуліт меркесінің құрметіне орай жамағатқа ас берілді.

Мешімізге жиылған жамағатқа құптан намазынан кейін дастархан жайылып, Мәуліт мерекесінің тарихы мен ардақты Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) өнегелі өмір жолы айтылды.

Бас имам Нұрлан Рамазанов жамағатты Мәуліт мерекесімен құттықтап, Алла Елшісінің (с.ғ.с) мұсылманға қалдырған аманаты мен баршамызға үлгілі ғұмырынан әсерлі оқиғаларды баяндады. Екі дүние сардарының әрбір әрекеті мен сөзінен рухани нәр алып, пайғамбарымызды (с.ғ.с) шынайы жақсы көрудің қаншалықты маңызды екендігі де көркем түрде жеткізілді.

Мешітіміздің ұстаз, қарилары – Нуриддин Абдусамадұлы және Мұрат Рысбаев арнайы Мәуліт жырын оқыды. Ас соңыңда бас имам Нұрлан Рамазанов еліміздің тыныштығы мен халқымыздың амандығы, береке-бірлігі үшін жамағатпен бірге дұға жасады.

c5bd91f4 8877 4478 bdd1 72e46c91c3e8

f8c3747c 4dac 4743 baee 462595192cfa

59d4f13a 14e9 44a6 9ede a12f86c5fc2f

3854c7c0 d8ec 4537 a9c4 369a485dc882

ummet.kz

 

 

Бөлісу: