19
Жұма,
Сәуір

һижри

«Әс-Сәлам» мешіті балғындарды қуантты (ФОТО)

Мешіт тынысы
Жарнама

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасымен республика көлемінде қолға алынған «Мектепке жол» акциясы Астана іргесіндегі «әс-Сәлам» мешітінде жалғасын тапты.

Бас имам Нұрбол Әбсаттарұлы Қырқыншы станса аймағының көп балалы, тұрмысы төмен отбасы балаларына жаңа оқу жылына сый-сияпат жасады. 30 оқушыға мектепке қажетті оқу құралдары, сөмкелер, қағаз-қалам, дәптер таратылды.

Ата-аналар өз кезегінде игілікті іске ұйытқы болып отырған дін өкілдеріне алғыстарын білдірді.

Оқушыларды жаңа оқу жылымен құттықтаған Нұрбол Әбсаттарұлы балғындарды иман нұрымен сусындап, мешіттен қол үзбей, сауат ашу курстарында дәстүрлі дін дәрістеріне қатысып тұруға, білімді де, парасатты азаматтары болуға шақырды.

Ізгі шара соңында балаларға арнайы ақ дастархан да жайылды.



 

ummet.kz-ақпарат 

Бөлісу: