20
Сенбі,
Сәуір

һижри

Акция аясындағы ізгі іс (ФОТО)

Мешіт тынысы
Жарнама

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйытқы болуымен жыл сайын республика көлемінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өткізіліп келеді. Бұл жоба Білім және ғылым министрлігінен бастау алып, өңірлерімізде жаңа оқу жылына баратын оқушылардың білім баспалдағына әзірлігін қамтамасыз ету мақсатында қолға алынған кең ауқымды шараға айналып отыр.

ҚМДБ-ның Астанадағы өкілдігі «Нұр Астана» орталық мешітінің ұйымдастыруымен «Мектепке жол» акциясы бүгін елордалық оқушыларды құшағын жая қарсы алып, балғындарға шат-шадыман көңіл-күй сыйлады. Шараға арнайы қатысқан ҚМДБ Аппарат жетекшісі Ғылымбек Мәжиев оқушыларды жаңа оқу жылымен құттықтады. «Мінекей, жаңа оқу жылы да басталды. Сіздердің міндеттеріңіз – осы оқу жылын да лайықты білім алу. Білімді жас – біздің еліміздің болашағы. Талмай-тынбай, жалықпай-жабықпай білім алыңыздар, оқу оқып, ғылым үйреніңіздер» деді Ғ.Мәжиев.

Аппарат басшы баяндағандай, Діни басқарма мектеп маусымына дайындық жасауға мүмкіндіктері шектелуі, көп балалы отбасыларға демеу болу мақсатында аталмыш акцияны дәстүрлі түрде қолға алып отыр. Осы мақсатта бүгінгі «Нұр Астана» мешітінде өткен шарада 200-ге жуық көпбалалы және тұрмыс-ахуалы төмен отбасыға оқушылардың мектеп формасы, оқу құралдары мен киім-кешектер таратылып отыр.

Шара соңынан дін қызметкерлері балғындардың білім мерекесі құрметіне «Думан» ойын-сауық кешеніне тегін саяхат ұйымдастырып, оқушылар ойын орталығындағы алып аквариум балықтарын, таңғажайып көріністерді тамашалады.


ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: