22
Жұма,
Қараша

һижри

Мәртебелі мейман орталық мешітке келді (ФОТО)

Мешіт тынысы
Жарнама

Бүгін ел Конституцияның 20 жылдығына орай Біріккен Араб Әмірлігінің Жоғарғы сот төрағасы Абдул Уахаб Абдулла шейх Астанаға арнайы ат басын бұрып, елорданың сәулетті мешіті «Нұр Астанаға» келді.

Мәртебелі мейманды Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының наиб мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы қарсы алып, Астананың ажарына әр берген құлшылық ордасымен таныстырды.

Кездесу барысында наиб мүфти «Нұр Астана» орталық мешіті тарихы жазылған арнайы альбом сыйға тартты. Сондай-ақ, қазақы салтқа сай қымызға арналған ұлттық нақыштағы торсық тарту етті.

БАӘ Жоғары соты Абдул Уахаб өз кезегінде қазақ жұртының жаймашуақ өмір салты мен мейірбан көңіліне ризашылық танытты. Ресми жүздесуге Қазақстанның Біріккен Араб Әмірлігіндегі елшісі Қайрат Лама Шариф те қатысып, қадірлі қонақпен бірге мешітте сәлем намазын оқыды.


 

ummet.kz-ақпарат 

Бөлісу: