«Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінің ұйымдастыруымен және «Сауап» белсенділер тобының атсалысуымен кезекті қайырымдылық шарасы өтті.
Шара аясында «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінің ұжымы мен «Сауап» белсенділер тобы қаламыздағы әлеуметтік жағдайы төмен 20 отбасына бір айлық азық-түлік қорын үлестіріп, көмек көрсетті. «Сауап» белсенділер тобының жанашыр да қамқор азаматтары мешіт қабырғасында өтетін көптеген қайырымдылық игі істердің басы-қасынан табылып, әрдайым игі істерге қолдау көрсетіп келеді. Алла Тағала Құранда: «Қайырдан не істесеңдер де, күдіксіз Алла оны біледі» («Бақара» сүресі, 215-аят) - дейді.
Әрдайым жақсылық жасауда үлгі болып жүретін мешіт ұжымы мен «Сауап» белсенділер тобының атымтай жомарт азаматтарына келген отбасылар алғыстарын білдірді.
ummet.kz
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВРєРСвЂВВВВВВ
- РњРѕР№ Р В Р’В Р РЋРЎв„ўР В Р’В Р РЋРІР‚ВВВВВВРЎР‚
- Telegram