«Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінде тарауық намаздарынан соң үш бағыт бойынша тегін автобустар қатынайды.
Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған тасымалдау қызметі қасиетті Рамазан айы жалғасатын болмақ.
І бағыт – Сығанақ көшесі, Е-10 көшесі, Сарыарқа даңғылы, Сейфуллин көшесі, Қосшығылұлы көшесі, Тілендиев даңғылы, Көктал-2;
ІІ бағыт – Сығанақ көшесі, Мәңгілік ел даңғылы, Қошқарбаев даңғылы, Момышұлы даңғылы, Абылай хан даңғылы, "Евразия" сауда орталығы, Республика даңғылы, Жеңіс даңғылы, Ж/д вокзалы;
ІІІ бағыт – Сығанақ көшесі, Қалдаяқов көшесі, Қошқарбаев даңғылы, Құдайбердіұлы даңғылы, мед. колледж.
ummet.kz