25
Бейсенбі,
Сәуір

һижри

«Әл-Фараби»: 200 адамға алғашқы ауызашар берілді (фото)

«Әл-Фараби»: 200 адамға алғашқы ауызашар берілді (фото)

Мешіт тынысы
Жарнама

Қасиетті Рамазан айының алғашқы күнін «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінің ұжымы ізгі әрі сауапты амалмен бастады.

Мешіт ұжымының бастамасымен, демеуші, жомарт жандардың атсалысуымен Алла Тағаланың разалығы үшін ораза ұстаған азаматтарға биылғы алғашқы ауызашар дастарханы жайылды. Яғни, бүгін 200 елордалық жамағатқа ауызашар берілді. Атап айтқанда, мешіт жанындағы «Мұмтаз» дәмханасында 150 кісіге ауызашар дастарханын жайып, 58 кісіге рамазан бокс, дайын ауызашар қорапшалары үлестірілді.

Қасиетті Рамазан айында ораза ұстаған адамдарға ауыз аштырту – аса үлкен сауап, сонымен қатар ауызаштыртуды ата-бабаларымыз да аса құрметпен атқарып келген ізгі дәстүрі. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Аузы берік жанды ауызашарға шақырып тамақ берген кісі – ораза ұстаған адамның алатынындай сауап алады. Аузы берік адамның сауабынан да еш нәрсе кемімейді» деп сүйіншілеген болатын.

Хадис өнегесін басшылыққа алған «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінің ұжымы әр жыл сайын Рамазан айында жамағатқа қуаныш сыйлауды әдемі үрдіске айналдырып келеді. Бүгінгі ауызашар дастарханына жиылған елорда жамағатына мешіттің ұстазы, білікті қари Нұриддин Абдусамадұлы ораза айының қадір-қасиеті мен ауызашар жасаудың пайдасы жайында тұщымды уағыз-насихат айтты.

Айта кетейік, қасиетті Рамазан айында сіздер де «Әбу Насыр әл-Фараби» мешіті арқылы демеушілік жасап қайырымдылық ауызашар берулеріңізге және рамазан бокс, дайын ауызашар қорапшаларын үлестіруіңізге болады. Рамазан айында ізгі амалдар арқылы сауапты іс жасауға бірге атсалысайық!

230323 Auyzashar1kun 1

230323 Auyzashar1kun 2

230323 Auyzashar1kun 3

230323 Auyzashar1kun 4

230323 Auyzashar1kun 5

230323 Auyzashar1kun 6

230323 Auyzashar1kun 7

230323 Auyzashar1kun 9

230323 Auyzashar1kun 10

230323 Auyzashar1kun 11

230323 Auyzashar1kun 12

230323 Auyzashar1kun 13

230323 Auyzashar1kun 14

230323 Auyzashar1kun 15

230323 Auyzashar1kun 16

230323 Auyzashar1kun 17

230323 Auyzashar1kun 18

230323 Auyzashar1kun 19

230323 Auyzashar1kun 20

230323 Auyzashar1kun 21

230323 Auyzashar1kun 22

230323 Auyzashar1kun 23

230323 Auyzashar1kun 24

230323 Auyzashar1kun 25

230323 Auyzashar1kun 26

230323 Auyzashar1kun 27

230323 Auyzashar1kun 28

230323 Auyzashar1kun 29

230323 Auyzashar1kun 30

230323 Auyzashar1kun 31

230323 Auyzashar1kun 32

ummet.kz

Бөлісу: