29
Жұма,
Наурыз

һижри

Бөлім меңгерушісі мешіт жамағатына жұма уағызын айтты (фото)

Бөлім меңгерушісі мешіт жамағатына жұма уағызын айтты (фото)

Мешіт тынысы
Жарнама

Асыл дінімізде өзгелерге білім үйретіп, сауатын ашу, ағартушылықпен айналысудың маңызы өте үлкен.

Бүгін «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітіне арнайы келген ҚМДБ Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі Смайыл Сейтбеков арнайы келіп, жамағатқа жұма уағызын айтты.

«Қазақ ағартушыларының діндегі рөлі және үлесі» тақырыбында насихат айтқан бөлім меңгерушісі халқымызға қызмет етіп, олардың ғылыми, рухани дамуына үлкен үлес қосқан кейбір ағартушы ғұламалардың ғибратты өмір жолына тоқталып, Құрандағы оқу-білімге қатысты аят, қиссаларға кеңінен тоқталды.

«Алла Тағала қасиетті Құранның «Зүмәр» сүресі, 9-аятында: «Білгендер мен білмегендер тең бола ма?» – деп айтқан. Ағартушы бабаларымыз көпшіліктің сауатын арттыруды, рухани тәрбиелеуді өз өмірлерінің төл уазипасы етті. Ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Расында өлеңде даналық бар», – деп айтқанындай өз шығармашылықтарында, өлең жолдары арқылы, имандылықты насихаттады» деді.

«Бұқар жырау бабамыздың: «Діл мұсылман болмаса, тіл мұсылман не пайда?» – деп, айтқанындай олардың әр қайсы дініміздің құндылықтарын айтып қана қоймай, іс-жүзінде де жүзеге асырды.

Сондықтан әр замандағы ойшылдар мен ағартушылардың асыл дінімізге қосқан үлесі орасан зор екендігін талай тарих беттерінен айтуға болады. Қай замандағы болмасын даналарды алып қарасақ, қазақ ауыз және жазба әдебиетінде дінді жырлап, Алласын ұлықтап, қалам тербемеген тұлға жоқ.

Мұсылмандықты барлық жағынан шырқау шыңына жеткізіп жырлаған ақын-жырауларымыздың өлең шумақтарының мәніне үңілер болсақ, рухани азық болар көп дүниені табарымыз анық. Сол бабалар мұрасы асыл дініміздің қағидаттарын жырға қосып, бүгінгі ұрпаққа өлшеусіз мол мұра қалдырды.

Тарих мойындаған ата-бабаларымыздың еңбектерін талдау, зерттеу, білу арқылы біз дәстүрлі дінімізді танимыз, көкжиегімізді кеңейтеміз. Сондықтан да олардың өшпес мұрасы біздің жоғалмас жауһарларымызға айналуы тиіс» деген Смайыл Сүйерқұлұлы көркем насихат соңында Алла Тағала бізді дініміз бен дәстүрімізді қадірлеп, бабаларымыздың сара жолын жалғастырар ұрпақтардан болуымызды нәсіп етуін тілеп, жамағатпен бірге дұға жасады.

050523 Juma 1

050523 Juma 3

050523 Juma 4

050523 Juma 5

050523 Juma 6

050523 Juma 7

050523 Juma 8

050523 Juma 9

050523 Juma 10

ummet.kz

Бөлісу: