29
Дүйсенбі,
Сәуір

һижри

«Имани жаз - 2023»: Шәкірттер мотивациялық мультхикая тамашалады (фото)

«Имани жаз - 2023»: Шәкірттер мотивациялық мультхикая тамашалады (фото)

Мешіт тынысы
Жарнама

Жылдағы үрдіс бойынша «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітіндегі «Имани жаз - 2023» жазғы сауат ашу  курсы өз жұмысын бастап кетті.

Барлығы 170 бүлдіршін діни білім алатын жазғы курста оқушыларға «Имандылық әліппесі», «Құран әліппесі» және «Тәрбие дәрістері» кітапшалары беріліп, осы сабақтар негізінде білім алу үстінде.

Мешіт имамдары мен ұстаздары тәрбие сабақтарына өздері қатысып, балаларға Алла Тағаланы тану, ата-анаға құрмет көрсету, дұрыс тамақтану әдептері секілді пайдалы әрі маңызды дәрістерді жүргізіп келеді.

Бүгін сауат ашу курсының білім алушы шәкірттеріне мешіт ұжымы мерекелік көңіл-күй сыйлап, адалдыққа, достыққа үндейтін мультхикая тамашалауға апарды. Бір үйдің балаларындай болып кеткен шәкірттерге мультхикая ерекше мотивация сыйлады.

Діни біліммен қатар күнделікті дұрыс өмір сүру әдептерін үйреніп жүрген оқушылар мен олардың ата-аналары мерекелік мейрам сыйлағаны үшін мешіт ұжымына, ұстаздарға алғыстарын білдірді. 

140623 KinoTime 1

140623 KinoTime 2

140623 KinoTime 3

140623 KinoTime 4

140623 KinoTime 5

140623 KinoTime 6

140623 KinoTime 7

140623 KinoTime 8

 

ummet.kz

Бөлісу: