10
Сейсенбі,
Желтоқсан

һижри

«Әл-Фараби» мешітінде Мәуліт дастарханы жайылды (фото)

«Әл-Фараби» мешітінде Мәуліт дастарханы жайылды (фото)

Мешіт тынысы
Жарнама

«Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінде әлемдегі пайғамбарлардың ең соңғысы және ең үстемі Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с) дүниеге келген Мәуліт мерекесінің құрметіне орай жамағатқа арналған ақ дастархан жайылды.

Мешіттің наиб имамы Нуриддин Абдусамадұлы «Мәуліт мерекесін атап өтуге бола ма?» тақырыбында көркем насихат айтып, Мәуліт мерекесінің Ислам дініндегі қадір-қасиетіне кеңінен тоқталды.

Пайғамбарымызға (с.ғ.с) сағынышты салауаттар айтылып, мешіт азаншысы Алтынбек Аманжолов «Мәуліт жырының» қазақша нұсқасын жамағатқа оқып берді. «Мәуліт жыры» – пайғамбардың дүниеге келуін, миғражы мен өмірі туралы айту, оны еске түсіру, оны мадақтау дегенді білдіреді.

Жиылған жамағат осындай әсерлі де, әдемі басқосуды ұйымдастырғаны үшін мешіт ұжымына зор ризашылықтарын айтты.

3fbc56f7 80cc 4950 948a 6b13bc08ce77

113b6aaa 3c43 4aea 89a7 e9bb73a74549

7b475c3c c8e5 4542 a3bb 7359f875236d

66954d8f 581f 4539 8e08 4defebba2055

ummet.kz

Бөлісу: