10
Сейсенбі,
Желтоқсан

һижри

«Әл-Фараби» мешіті: «Отбасы – бақыт мекені» атты семинар өтті (фото)

«Әл-Фараби» мешіті: «Отбасы – бақыт мекені» атты семинар өтті (фото)

Мешіт тынысы
Жарнама

Бүгін Отбасы күні мерекесіне орай «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінде кәсіби отбасылық психолог Ержан Мырзабаевтың қатысуымен «Отбасы – бақыт мекені» атты танымдық семинар өтті.

Отбасылық психолог Ержан Мырзабаевпен кездесуге мешіт жамағаты мен ата-аналар, мешітімізде некесін қиған жас отбасылар қатысты. Кездесу қызықты өтті әрі өзекті мәселелер қозғалды.

Семинар өткізудің мақсаты – берік қоғам, саналы ұрпақ қалыптастыру. Жас отбасыларға, ата-анаға психологиялық кеңес беру, өзекті тақырыптарды қозғай отырып, мәселенің шешімін табуға жәрдемдесу.

Отбасылық психологтың айтуынша, егер ер мен әйел отбасылық өмірде бір-бірінің міндеттері мен орнын ауыстырып алмаса, онда отбасындағы проблемалардың 70-80 пайызын алдын алуға болады. Сондықтан алғашқы сессияда отбасы болғаннан кейінгі мәселелер, ерлі-зайыптылардың отбасылық өмірде ескеретін қағидалар жайында айтылды. Әсіресе ерлі-зайыптылардың арасын алшақтататын төрт басты негіз: бірін-бірі сынау, төмендету, ақталу және қабырға болудың кері әсері, тіпті ажырасуға дейін алып баратын қатері жайлы сөз қозғады.

Ал екінші сессия отбасындағы бала тәрбиесінде әке мен ананың жіберетін қателіктері тақырыбында өрбіді. Бала тәрбиесінде ең басты идеал – баланың ата-анасы екендігін, баламен бала күйіне түсіп уақыт өткізу мәселесі, балалар арасындағы қызғанышты сейілтудің жолдары туралы толық мағлұмат берілді.

Кездесуге қатысушылар белсенділік танытып, сұрақтарын қойды. Сәйкесінше, отбасылық психологтан тұщымды жауап алды.

Семинарға келген жас отбасыларға және қонақтарға шара соңында Исламдағы отбасы құндылықтары жайында кітаптар сыйға берілді.

c85bb368 b1b9 4b84 b82c 45dc07a97503

photo 5197210651125207138 y

32cda959 256d 4122 b1f9 098686b5042c

4f49b09f 5a0b 4817 83a8 7817dea74105

5cf8b707 c9fb 4e3b 8823 c6eb30633e9c

e296d04c 8fb3 4982 8c8f 2f48e4620221

730b96bb fb8b 43b3 9007 a23862f18c5d

a5e0b69f 369f 466d 9e12 a0eb5d2a567e

ca95119b be5a 4837 b80e a0c7f032c97e

aab2f542 6541 453a 9281 cf7f8e7afa54

ummet.kz

Бөлісу: