16
Сәрсенбі,
Қазан

һижри

«Әл-Фараби»: Бас мүфти тарауық намазына қатысып, уағыз айтты (фото)

«Әл-Фараби»: Бас мүфти тарауық намазына қатысып, уағыз айтты (фото)

Мешіт тынысы
Жарнама

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінде өткен тарауық намазында жамағатқа насихат айтты. Мешіт жамағатына «Рамазан айы – тақуалық айы» тақырыбында көркем уағыз айтып, қасиетті айдың қадір-қасиетіне кеңінен тоқталды.

«Салих-ізгілер Рамазан айы келгенде, Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) қалдырған өсиетіне сәйкес, ең әуелі тәубе ету арқылы Алла Тағаламен байланыстарын нығайтатын еді. Өйткені олар келесі Құран аяттардың мағынасын терең ұғынған: «Әй, өздеріне зиян қылған құлдарым! Алланың рахметінен күдер үзбеңдер. Алла біртұтас күнәларды жарылқайды. Өйткені Ол тым жарылқаушы, аса мейірімді. Өздеріңе апат келуден бұрын Раббыларыңа қайтыңдар, Оған бой ұсыныңдар...»  («Зүмәр» сүресі, 52-53 аяттар).

Тақуалық момын-мұсылманды қандай жағдай болмасын, шарасыз қалдырып қоймайды. Тақуалық бойында табылған пенде үшін, Алла Тағала адам баласына аса қажет болған екі ұлы сыйлық әзірлеген. Бұл туралы Құран Кәрімде: «Кім Алладан қорықса (тақуа болса), оған бір шығар жол пайда қылады. Оған, Алла, ойламаған жерден ризық береді» («Талақ» сүресі, 2-3 аяттар) - деп баян етіледі.

Тақуалық – мұсылманның қорғаны. Алла Тағала тақуа болған құлына, қандай жағдай болмасын, оған шығар жол пайда қылады, ойламаған жерден ризықтандырады, сол арқылы қайғы-мұңын, басқа төңген ауыртпашылығын сейілтеді. Тақуалық деген оны арнайы іздеп, уақыт пен сәтін күтіп, кейде ғана жасайтын амал емес. Тақуалық мұсылманның бойында әрдайым табылуы керек қасиет. Рамазан айы – сол асыл қасиетті жоғалтып алмауымызға бізге көмек беретін рухани шамшырақ» деді Бас мүфти.

ҚМДБ Төрағасы намаз соңында Рамазан айының берекелі болуын тілеп, жамағатпен бірге еліміз бен жеріміздің амандығы үшін дұға жасады.

1b79aad0 bce6 4bcd be41 a1020434369e

b9768eca f2e3 4db4 89fd f5b7da924546

6cce64fc c2d7 4d78 8f72 7d223ec623ea

f24a02f3 048f 468a a869 78754fa28e3c

d8e10a94 1258 42fa af87 b3517d173795

ummet.kz

Бөлісу: