Мұсылман үшін сауаптың үлкені – кісі көңілін жадырату. Бір кісі жымиса, он кісінің жүрегі жылиды.
Бүгін, қасиетті Ораза айт мерекесінің құрметіне орай «Әбу Насыр әл-Фараби» мешіті дәстүрлі қайырымдылық шарасын өткізді.
Жыл сайын Ораза айт мерекесінде өткізілетін бұл шара аясында әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға мереке мейірін сезіндіру мақсатында азық-түлік қоры толтырылған «айттық сөмкелері» таратылып келеді.
Бұл жолы 100 отбасын қуанышқа бөлеген «айттық сөмкелерінде» күнделікті тұрмысқа қажетті азық-түлік түрлері түгелдей салынған.
Ораза айт мейрамында жақсылық жасаудан жарысып, жылылық пен жомарттығын танытқан мешіт ұжымына келген отбасылар ризашылықтарын білдіріп, мол сауапқа кенелуді тіледі.
ummet.kz