16
Сәрсенбі,
Қазан

һижри

«Әл-Фараби»: «Жақсылықта жарысайық» қайырымдылық жәрмеңкесі өтті (фото)

«Әл-Фараби»: «Жақсылықта жарысайық» қайырымдылық жәрмеңкесі өтті (фото)

Мешіт тынысы
Жарнама

ҚМДБ Төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен су басқан өңірлерге көмек беру үшін республиканың барлық орталық мешіттерінде қайырымдылық жәрмеңкесі ұйымдастырылған болатын. «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінде де «Жақсылықта жарысайық» қайырымдылық жәрмеңкесі өткізілді.

Қайырымдылық жасауды көздеген жәрмеңкеге мешіт ұстазы Әйкерім Қадыл мен мешіт жанындағы «Жібек» қыз-келіншектер клубы, қыз балалардан құралған шәкірттер толықтай атсалысты.

Жәрмеңкеде жамағатқа үй тағамдары, түрлі тәттілер, күнделікті қажетті тұрмыстық діни заттар, ұсынылды. Қайырымдылықтан жиналған қаржы толығымен су тасқынынан зардап шеккен облыстарға гуманитарлық көмекке жұмсалады.

Ардақты Пайғамбарымыздың (с.ғ.с): «Адамдардың ең қайырлысы – өзгеге пайдасы тигені» деген ізгі өсиетіне амал еткен мешіт шәкірттері осындай қайырымдылық жәрмеңкелерін ай сайын, апта сайын өткізіп келеді. Сол дәстүрлі ізбен алдағы уақытта да осындай ізгі шараларды ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

89535159 6ded 4e91 a731 17f7408d2768

56ae658d f3c9 437e a310 88a6ea41e8b3

64c33675 e2da 4fc2 af03 a111c584c0d8

fc6275fe fb89 42a0 8e49 7b6c038c377d

313d2290 2d4c 4163 be12 c324cb4eb9f2

9296e8db 776b 4b75 b455 64d0382674ce

ummet.kz

Бөлісу: