21
Бейсенбі,
Қараша

һижри

«Әл-Фараби»: Жамағат Құрбан айт намазын оқыды (фото)

«Әл-Фараби»: Жамағат Құрбан айт намазын оқыды (фото)

Мешіт тынысы
Жарнама

Бүгін күллі мұсылман қауымының ұлық мейрамы – Құрбан айт басталды.

Таңғы сағат 6:00-де елордадағы барлық мешітте айт намазы оқылды. Күллі мұсылман жұртының ұлық мейрамы – Құрбан айттың алғашқы күні оқылатын айт намазына асыққан жамағат «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітіне де жиналды.

Таң сәріден ұлық мерекеде ізгі ниетімен, мешітке ағылған астаналық жамағат  сүннетке амал етіп, хош иіс себініп, әсем киініп, қуанышты көңіл-күймен бірін-бірі құттықтап, мәз-мейрам күйде болды. Мерекелік мінәжат үшін Құрбан айт намазына жиылған қауымға мұсылмандардың қасиетті кітабы Құран Кәрімнен аяттары оқылды.

Мешіттің Бас имамы Нұрлан Рамазанов ұлық мерекемен мұсылман қауымын құттықтап, Құрбан айт мейрамы туралы уағыз-насихат айтты. Уағыз барысында «Қасиетті Құранның «Кәусар» сүресінде «Тек Раббыңның разылығы үшін намаз оқып, құрбан шал» делінген. Бұл оның Алланың бұйрығы ретінде (жағдайы барларға) уәжіп екенін білдіреді» деді Нұрлан Бекболатұлы.

Көркем насихат соңында әр отбасына амандық-саулық, береке-бірлік тілеп, игі лебізін жеткізді.

5fc95790 a416 4ff8 8758 551097acc894

ecc67f44 5c1f 4c52 af29 8846604e30cd

d62e1c1d 32c7 4ddc 9487 51c37ff06a33

0b0611a1 a710 448d a019 8bc6514fa832

216af5a3 2513 4a4d 964a 21368df763d7

8b5f399a dbac 4663 9537 4880c6a1cac8

25df4498 9a6f 4d81 8d8e d7191ecae542

ccf86461 2b55 4b31 9949 674fb35b40e0

a1bb58d8 9d27 439b a8c6 5b6502df9a94

d8d32cfb d589 4cf9 b56e fba28d5ec849

ummet.kz

Бөлісу: