26
Сәрсенбі,
Маусым

һижри

«Әл-Фараби»: Айт мерекесінде ұлттық ойындардан сайыс өтті (фото)

«Әл-Фараби»: Айт мерекесінде ұлттық ойындардан сайыс өтті (фото)

Мешіт тынысы
Жарнама

«Әбу Насыр әл-Фараби» мешітіндегі Құрбан айт мерекесінің жалғасы дәстүрлі спорттық шараларға ұласты.

Жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан сайысқа мешіт жамағаты әдеттегідей белсене атсалысты. Мешітке мерекелік мінәжат үшін келген қала қонақтары қызықты өткен тартысты тамашалап, қатысушыларға қолдау білдірді. Халқымыздың қанына сіңген ұлттық ойындарды жаңғырту мақсатында мешіт ауласына жиылған жамағат арасында «Арқан тарту», «Қол күресі»,  «Асық ату», «Гір тасын көтеру» бойынша өзара сайыс өтті.

Айт намазына келген елордалық жұртшылық әрбір аталымға жұмыла қатысып, Құрбан айт мерекесінің мерейін асырды. Мерекелік сайыс нәтижесінде «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» шыққан үздік жеңімпаздарға бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдар мен мешіт ұжымы атынан арнайы әзірленген сый-сияпаттар табысталды. Осылайша, Құрбан айт мейрамының құрметіне өткізілген ұлттық спорт сайысы мешіт жамағаты арасындағы ауызбірлік пен сыйластықты арттырып, өзара ынтымақты күшейтуге тағы бір себеп болды.

2063b80b 4692 46ab 9506 bf1b167b3d8d

27967b1b 8328 4720 a488 95b297d85f38

97fb873c 1dd6 4c02 942e 9add7cdc48cf

6dbf335d b2fe 46bf 9f4d 54ad55a8fad7

9b1a68e3 c9bc 48d0 8bbc f449543628e5

6d7adbb1 8982 45d0 9460 2ea04d5b1073

6898b880 f7ec 47c1 868a 1c8118bf5cb6


88d419b7 fe80 479a aa1f 33f2539a6639

a51eb47a ac72 4485 af95 995c6844de23

ee8c42e5 8ea2 4507 bebc 17caa02bdf74

ummet.kz

Бөлісу: