23
Сенбі,
Қараша

һижри

Айт мейрамындағы дүбірлі жарыс (ФОТО)

Мешіт тынысы
Жарнама

Халықтың ең ұлық мерекелерінің бірі Құрбан айт ел ішіндегі бауырластық пен ауызбірлікті арттыра түседі. Шамасы жеткен әрбір иманды жан бұл күндері құрбанын шалып, айт қуанышын ағайын-бауыр, жақындарымен бөліседі. Бір сөзбен айтқанда, Құрбан айт – ағайынның арасын жақындатып, татулығын арттыратын мұсылмандық мереке.

Құрбан айт мейрамын бұқаралық сипатта кеңірек атап өту мақсатында ҚМДБ-ның Астана қаласындағы өкілдігі қасиетті жұма күні бірқатар спорттық-мәдени шаралар ұйымдастырды. Дәлірек айтсақ, «Нұр Астана» орталық мешітінде жамағаттардың қатысуымен ұлтық ойындардан сайыстар өтті. 

Арқан тартыс, асық ату, қол күрес, тоғызқұмалақ, кір тасын көтеру сынды бес бағытта жүргізілген аламан сайыста жамағат бел шешіп жарысқа түсті. Ойынның қызығы да осы. Жүзден жүйрік шығып, көптен топ жарып, оза шауып, жеңіске жету – бір бақыт. Дүбірлі жарыс барысында бірінен бірі өткен кіл мықтылар арасынан төрешілердің шешімімен жеңімпаздар анықталды. Әрбір ойын жеңімпаздарына «Нұр Астана» орталық мешітінің наиб имамы Бекзат Ақжігітов пен Марат Бектазинов алғыс білдіріп, мешіт атынан арнайы сертификаттар мен сыйлықтар табыстады.


 

«Нұр Астана» орталық

мешітінің баспасөз қызметі

 

 

 

Бөлісу: