29
Жұма,
Наурыз

һижри

Жәрмеңке қайырымдылыққа ұласты

Мешіт тынысы
Жарнама

ҚМДБ-ның Астана қаласы өкілдігінің ұйымдастыруымен Құрбан айт мейрамы елордалық тұрғындар мен қала қонақтары үшін сән-салтанатымен аталып, бұқаралық сипатта кең көлемді өткізілді. Бұл мейрам мәдени-спорттық шаралармен қатар қайырымдылық жұмысымен де елдің есінде қалды.

Құрбан айт мейрамының алғашқы күні «Нұр Астана» орталық мешітінің ауласында қайырымдылық жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Оған мешіт ұстазы Зехра Совет пен әйел жамағаты, қыз балалардан құралған шәкірттер толықтай ат салысты. Қайырымдылық жәрмеңкеде тағамдар, тәттілер, тоқаштар сатылды. Шараның мақсаты – жәрмеңке қаражатымен мұқтаж жандарға қайырымдылық көрсету.

Қайырымдылықтан түскен қаражатқа әлеуеті төмен, күнкөрісі қиын әрі шынайы көмекке мұқтаж жанұялар үшін арнайы азық-түліктер алынды. Мешіт ұстазы Зеһра Совет бастаған әйел жамағаты көп балалы және көмекке мұқтаж жанұялардың отбасына арнайы барып, оларды құрбан айт мерекелерімен құттықтады. Сондай-ақ, тұрмысқа қажетті заттар мен азық-түлік салынған қайырымдылық пакеттерін табыстады. 


 

«Нұр Астана» орталық

 мешітінің баспасөз қызметі

 

Бөлісу: