14
Жұма,
Ақпан

һижри

Берекелі Бараат түні жайлы насихат айтылды (фото)

Берекелі Бараат түні жайлы насихат айтылды (фото)

Мешіт тынысы
Жарнама

Бүгін «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінде әдеттегідей жамағатқа арналған бейсенбілік ақ дастархан жайылып, көпшілікке арналған насихат кеші өтті.

Мешіттің наиб имамы Ғазиз Ахмет «Берекелі Бараат түні» тақырыбында жамағатқа көркем уағыз айтып, тақырыпқа сай тың мәліметтерді ортаға салды.

Шағбан айында қасиетті Бараат кеші бар. Яғни қасиетті Шағбан айының 15-і –  Бараат түні. Бұл түн – періштелер жер бетіне түсетін, дұғалар қабыл болатын, кері қайтарылмайтын берекелі түн.

Насихат барысында Бараат түнінің хадистердегі көріністері, Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) осы қасиетті түнді қалай өткізгені жөнінде мысал келтіріп, ізгілер дәуіріндегі қасиетті түннің қадір-қасиетін тілге тиек етті. Сондай-ақ, Бараат түнінің берекесіне қол жеткізу үшін жасалуы қажет ізгі амалдарға жеке-жеке тоқталды.

Насихат соңында наиб имам жамағатты бұл түнде Пайғамбарымызға (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) көп салауат айтып, Алла Тағаладан біліп-білмей істеген күналарымыздың кешірілуін тілеп дұға жасауға, құлшылықпен өткізуге шақырды.

9b80aa8d-a079-4c96-82e1-c8905901762d.jpg

1c9c94ad-19df-4ee6-8e25-d645bf6fc9a7.jpg

6ab4617e-fdf7-46d9-a091-d36103793a5d.jpg

cc063fee-93ac-40c4-ad0a-606775981691.jpg

caff76ff-ec58-4bca-b15a-391d2229f394.jpg

ummet.kz

Бөлісу: