12
Сәрсенбі,
Ақпан

һижри

«Әл-Фараби»: Шәкірттер арасында фиқһ ілімі бойынша зияткерлік сайыс өтті (фото)

«Әл-Фараби»: Шәкірттер арасында фиқһ ілімі бойынша зияткерлік сайыс өтті (фото)

Мешіт тынысы
Жарнама

Бүгін «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінде әйел жамағатының шәкірттері арасында фиқһ ілімі бойынша зияткерлік сайыс өткізілді.

Қасиетті Рамазан айының қарсаңында өткізілген білім сайысы «Оразаға қатысты 200 сұрақ» кітабы негізінде өрбіді.

Ізгі шараға арнайы келген ҚМДБ Әйел-қыздар секторының меңгерушісі, ұстаз Динара Құтқожақызы мен Астана қаласы бойынша әйел-қыздар секторының меңгерушісі Бекет Күлсара ұстаз шәкірттерге он екі айдың сұлтаны болған Рамазанның қадір-қасиеті туралы көркем насихат айтты әрі сайысқа қазылық жасады. Сондай-ақ, мешіт ұстазы Қадыл Айгерім мен мешіт қызметкері Айгүл Сауранқызы да қазылар құрамында болып, шәкірттердің білімін бағалауға атсалысты.

Барлығы төрт кезеңді қамтыған білімділердің додасында шәкірттер бар білгендерін ортаға салып, фиқһ ілімі бойынша өзара бақ сынасты.

Нәтижесінде, жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар оқ бойы озып шыққан жеңімпаз топтарға мешіт атынан арнайы диплом мен қаржылай сый-сияпат, естелік сыйлықтар табыс етілді.

Айта кетейік, күнделікті сабақ барысында Рамазан оразасы тақырыбына байланысты барлық мәлімет мешітіміздің 450 шәкіртіне түсіндірілді.

_4097.jpg

1124.jpg

-656565.jpg

666666.jpg

6666.jpg

9999.jpg

110.jpg

654111.jpg

4444444.jpg

445454.jpg

5555555.jpg

9999999.jpg

2222.jpgummet.kz

Бөлісу: