14
Сенбі,
Маусым

һижри

«Әл-Фараби»: «Имани жаз – 2025» курсына 170 оқушы қабылданды (фото)

«Әл-Фараби»: «Имани жаз – 2025» курсына 170 оқушы қабылданды (фото)

Мешіт тынысы
Жарнама

Оқушылардың жағы демалысына орай ҚМДБ бастамасы негізінде жыл сайын еліміздегі мешіттерде «Имани жаз» жазғы сауат ашу курсы ұйымдастырылып келеді.

Жылдағы үрдіс бойынша «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітіндегі «Имани жаз – 2025» жазғы сауат ашу  курсы өз жұмысын бастады. Жазғы курстың алғашқы күні мешіт ұстазы Нуриддин Абдусамадұлы ата-аналар мен оқушыларға жазғы демалысты пайдалы өткізулерін тілеп, сауат ашу курсының маңыздылығына тоқталып өтті.

2 маусым мен 25 маусым аралығын қамтитын жазғы сауат ашу курсына 8-15 жастағы 170 оқушы қабылданды. 110 ер бала мен 60 қыз бала қатысып жатқан курста оқушылар жас ерекешеліктеріне қарай жеке топтарға бөлінді. Сауат ашу курсындағы бүлдіршіндерге мешіттің білікті ұстаздарымен қатар «Астана» және «Сарыағаш» медреселерінің шәкірттері дәріс жүргізетін болады. Сауат ашу курсы таңғы сағат 9:00-11:00 аралығында бір ауысым негізінде өтеді.

Курс аясында оқушыларға «Имандылық әліппесі», «Құран әліппесі» және «Тәрбие дәрістері» кітапшалары беріліп, алдағы уақытта осы сабақтар негізінде білім алатын болады. Мешіт имамдары мен ұстаздары тәрбие сабақтарына өздері қатысып, балаларға Алла Тағаланы тану, ата-анаға құрмет көрсету, дұрыс тамақтану әдептері секілді пайдалы әрі маңызды дәрістерді жүргізеді. Балалардың имани сабақтарға деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында әр бүлдіршінге күнделікті тәттілер мен сусындар, жеміс-жидектер үлестіріледі.

55ae8727-7c2d-417e-a320-1a94f8fb6c7a.jpeg

ee6d036f-8751-4e7e-a6ec-a364a53191b3.jpeg

73416555-d67d-4241-93c5-1b5a344da32a.jpeg

35cbe7c5-6771-4c07-9bbe-a6eac0fa6614.jpeg

1c272f15-6d4c-4ea4-8d2e-fcf3c74f05e3.jpeg

b1c93b20-d279-452a-ac23-55b8eb63d786.jpeg

9712acaa-8e4f-438a-81c2-886f8cff9bee.jpeg

a52eddb7-5afd-48a0-a442-57a60b9acd31.jpeg

76dfeb5b-63e6-4df2-ac4c-0585d58bf6bb.jpeg

93befe9c-8cf7-4c62-a297-702bcfae43db.jpeg

41eab7e8-c9d8-4066-baf4-cf6fc471ee6b.jpeg

7124e187-0110-4a39-ba37-b26bc9f564d7.jpeg

ummet.kz

Бөлісу: