22
Жұма,
Қараша

һижри

Ізгілік күні бас қосты (ФОТО)

Мешіт тынысы
Жарнама

Бүгін иісі мұсылман халқы үшін қасиетті Мұхаррам айында «Нұр Астана» орталық мешітінде елордалық жамағатқа ауызашар дастарханы жайылды. Айта кетсек, хижри жыл санағына сәйкес, осы айдың оныншы күні Ашура деп аталады. Пайғамбар өнегесін өміріне өзек еткен игі мұсылман бұл күні Ашура оразасын ұстайды.

Орталық мешітте орайлы кештерде жамағаттың басын қосу – игі дәстүр. Дін қызметкерлері салиқалы отырыста ислам құндылықтары, мұсылмандардың ауызбіршілігі жайында насихат айтты. Наиб имамдар Әділхан Серікбай  мен Нұрлан Рамазан берекелі тіршілік ынтымақ пен берекеде болатынын баса айтып, жамағатты жақсылыққа үндеді. Қасиетті айда қайырымдылық шараларын көптеп өткізуге күш салатын имамдар бұл кеште де көптің тілегіне, ағайынның алғысына ие болды.

Мұхаррам айы ислам тарихында мұсылмандардың Меккеден Мәдина шаһарына қоныс аударуымен есте қалса, Ашура күні Адам ата, Жүніс пайғамбарлардың тәубесінің қабыл болуымен ерекше. Осындай ғибратты уақиғаларға толы күні ниеті ізгі мұсылманның тәубелері қабыл болып, күнәлары жарылқанады. Бұл күн сондай-ақ, пайғамбар хадистерінде баяндалғандай, Мұса пайғамбар мен ізіне ерген Исраил қауымының перғауын зұлымдығынан құтылған күні.


 

 

«Нұр Астана» орталық

мешітінің баспасөз қызметі 

Бөлісу: