22
Жұма,
Қараша

һижри

Ізгілікке үн қосу – мұсылманның міндеті (ФОТО)

Мешіт тынысы
Жарнама

Бүгінде донор тапшылығынан қиыншылыққа душар болған адамдар арамызда аз емес. Осы тапшылықтың орнын толтыру үшін республика көлемінде донорлық акциялары ұйымдастырылып келеді.

Ізгі іске қазақ қоғамы да жұмыла қолдау білдіріп, үн қосуда. Бүгін «Нұр Астана» орталық мешітінде үзілгелі тұрған тағдырларға қол жалғау мақсатында арнайы медициналық парақшалар таратылды.

Айта кетсек, сауапты іске сүбелі үлес қосып жүрген «Нұр Астана» орталық мешіті Қан орталығымен бірлесе «Өзгеге өмір сыйла!» акциясын  2 жыл қатарынан өткізіп келеді. Ал аталмыш акцияға қатысушы астаналықтардың белсенділігі жылдан жылға артып отыр.

 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: