19
Бейсенбі,
Ақпан

һижри

«Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінде «Құран - мәңгі мұғжиза» тақырыбында рухани кеш өтті

«Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінде «Құран - мәңгі мұғжиза» тақырыбында рухани кеш өтті

Мешіт тынысы
Жарнама

Рухани кешке арнайы қонақ ретінде ҚМДБ Құран секторының меңгерушісі, Республикалық бас мешіттің наиб имамы Серік қари Ахмет келіп, қатысты.

Мешіт жамағатына қасиетті Құранның қадір-қасиетіне кеңінен тоқталып, Рамазан айы - Құран айы екендігі жайлы көркем насихат айтты.

Насихат барысында Серік қари Ахмет: «Рамазан – Құран айы» дегенде, екі жағдайды ескеру қажет. Біріншісі, Рамазан айында қасиетті Құран түсті. Сондықтан Рамазан айы  «Құран айы» деп айтылады. Ал, енді екінші жағдай, бұл айда Құранды көп оқып, Аллаға арнап жасалатын тағат-ғибадатты көбейту қажет. Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Кімде-кім Алланың кітабынан бір әріп оқыса бір сауап, ал бір сауап он сауапқа тең. Әлиф-Ләм-Мим («Бақара» сүресінің басы) бір әріп деп айтпаймын, әлиф бір әріп, ләм бір әріп, мим бір әріп» деген. Ораза мен Құранның өзара байланысы мына хадисте қатар аталып қиямет күнінде мұсылманның тұтқан оразасы мен оқыған Құраны оған шапағатшы болып келетіндігі айтылады. Бұл туралы Алланың елшісі (с.ғ.с.) былай деп айтқан: «Қиямет күнінде Раббының алдында ораза мен Құран пенде үшін шапағатшы болады. Ораза келіп:
– Раббым! Мен оны күндіз ішіп-жеуден тыйған едім. Енді мен оған шапағатшы болайын – дейді. Құран келіп:
– Раббым! Мен оны түндерде ұйқысынан айырдым. Сол үшін оған шапағат етейін – дейді. Алла ол екеуіне шапағат етулеріне рұқсат береді. Олар шапағат қылады» (Имам Ахмед)» деп, мешіт жамағатын қасиетті айда көбірек құлшылық жасап, көбірек Құран оқуға шақырды.

Құранға деген махаббатты арттырып, Рамазанға рухани дайындық сыйлаған тағылымды жүздесу үшін мешіт жамағаты дән ризашылықтарын білдірді.

xxx.jpeg

xxx.jpeg

ummet.kz

Бөлісу: