19
Бейсенбі,
Ақпан

һижри

«Әл-Фараби»: Шәкірттер арасында зияткерлік сайыс өтті (фото)

«Әл-Фараби»: Шәкірттер арасында зияткерлік сайыс өтті (фото)

Мешіт тынысы
Жарнама

«Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінде ерлер жамағатының шәкірттері арасында фиқһ ілімі бойынша зияткерлік сайыс өткізілді. 

Рамазан айына дайындықты пысықтау мақсатында өткізілген білім сайысы арнайы келген ҚМДБ Құран секторының меңгерушісі, Республикалық бас мешіттің наиб имамы Серік қари Ахмет келіп, қатысты.

Серік қари Ахмет жамағатпен жүздесіп, шәкірттерге Рамазан айының қадір-қасиеті туралы көркем насихат айтты әрі сайысқа қазылық жасады. 

Сондай-ақ, мешіт ұстаздары – Нуриддин Абдусамадұлы Ғазиз Ахмет қазылар құрамында болып, шәкірттердің білімін бағалауға атсалысты. 

Білімділердің додасында шәкірттер бар білгендерін ортаға салып, фиқһ ілімі бойынша өзара бақ сынасты.

 Нәтижесінде, жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар оқ бойы озып шыққан жеңімпаз топтарға мешіт атынан арнайы диплом мен естелік сыйлықтар табыс етілді.

fff.jpeg

qqq.jpeg

sss.jpeg

qqq.jpeg

fff.jpegummet.kz

Бөлісу: