Қасиетті Қадір кешінде құптан намазы таяған уақытта «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітіне ағылған халық қарасы көп болды.
Мыңдаған жамағат қол жайып, Алла Тағалаға дұға еткен сауапты сәттен соң Рамазан бойы тарауық намаздарында имамдыққа шығып, жамағатты әуезді үнімен Құран сөзіне сусындатқан қариларымызға құрмет көрсетілді.
«Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінің ұстаздары, білікті қариларымыз – Нұриддин Абдусамадұлы мен Мұрат Дайрабайұлы және Ғазиз Ахмет, Нұрболат Нұрбекұлы оқыған Құран хатым аяқталды.
Қасиетті Қадір түні көпшілікпен барша мұсылмандарға бағышталып, еліміздің ауызбіршілік-ынтымағы, халқымызға барша мұсылман қауымына барлық жақсылықтар тілеп, дұға жасалды. Көпшіліктің ыстық ықыласына бөленген қариларымызға қазақы дәстүрге сай шапан жабылып, ақсақалдың ақ батасы берілді.
Мешіт жамағаты «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінде ай бойы оқылған Құран хатым мен тарауық намазына ризашылықтарын білдіріп, имамдарға алғыстарын білдірді.











ummet.kz