«Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінде Қадір түнінде көпшілікпен бірге Хатым дұғасы жасалды.
Рамазан – Құран айы. Яғни, Құран Кәрім көптеп оқылып, құндылықтары жаңғыратын рухани мезгіл. Осыған орай, ел мешіттерінде қасиетті айда Тарауық намазында Құран Хатым жасау үрдісі қалыптасқан. «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінде ай бойы үш бірдей білікті қари Құран Хатым оқыды.
«Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінің ұстаздары, білікті қариларымыз – Нұриддин Абдусамадұлы мен Мұрат Дайрабайұлы және Ғазиз Ахмет, Нұрболат Нұрбекұлы оқыған Құран хатым аяқталды.
Қасиетті Қадір түні көпшілікпен барша мұсылмандарға бағышталып, еліміздің ауызбіршілік-ынтымағы, халқымызға барша мұсылман қауымына барлық жақсылықтар тілеп, дұға жасалды.
Мешітімізге арнайы келген ҚМДБ Бас мүфти кеңесшісі Смайыл Сүйерқұлұлы Сейтбеков Құран хатым батасын жасап, жамағатқа Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының құттықтау сәлемін жеткізіп, Қадір түнінің қасиеті жөнінде насихат айтты.
Қариларға лайықты құрмет көрсетіліп, иықтарына шапан жауып, мешіт ақсақалы ақ батасын бергеннен кейін «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінің бас имамы Нұрлан Рамазанов көпшілікке Қадір түнін құлшылық-ғибадатпен қалай өткізу керектігін, ислам дінінің құңдылықтарын жан-жақты түсіндірді.

















ummet.kz