18
Сәрсенбі,
Наурыз

һижри

«Әл-Фараби»: Қадір түні 650 адамға ауызашар мен сәресі берілді (фото)

«Әл-Фараби»: Қадір түні 650 адамға ауызашар мен сәресі берілді (фото)

Мешіт тынысы
Жарнама

«Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінде Қадір түніне жиылған жамағаттың қарасы көп болды.

Алла Тағаланың разылығынан үміт еткен жамағатты мешіт ұжымы үлкен ықыласпен қарсы алды.

Алдымен ақшам намазынан кейін 300 кісіге ауызашар беріліп, дайын тағамдар салынған Рамазан қорапшалары үлестірілді.

Жамағатпен оқылған үтір намазынан кейін мешітке жиылған көпшілікке сәресі беру жағы да назардан тыс қалмады. 350 кісіге арналған сәресі дастарханы жайылып, Рамазан қорапшалары табыс етілді. Айта кетейік, бір ай бойы мешіт жанынан берілген ауызашар дастарханына демеуші азаматтар мұрындық болды.

Мешіт жамағатының Қадір түнін қарсы алуына бар жағдай жасаған мешіт ұжымына көпшілік алғысын арнады.

Таң намазы оқылғаннан кейін мешітте Қадір түнін қарсы алған жамағат үйлеріне тарасты. Мешіт жамағаты «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінде ай бойы оқылған Құран хатым мен тарауық намазына ризашылықтарын білдіріп, имамдарға алғыстарын білдірді.

1a7fcbd4-92d8-4700-b357-65f3046015e5.jpg

f4408b34-ddf6-4870-ada4-24eacf1cbe2c.jpg

caf33138-dad6-445c-9cb7-4ceb4d5cac0b.jpg

b3d61304-261a-45cd-9f3f-d13432b1db25.jpg

33e555c9-b218-4aab-879e-957980760ce9.jpg

4f275538-094e-4197-bf88-364dd18514e5.jpg

4042e9b7-65be-49c6-804b-b2a37b86c581.jpg

5961a99b-bf1c-4bac-b3b0-4a10925be671.jpg

ffb4336c-4174-4f7b-94e9-d4f3f701831a.jpg

92775702-5cf8-4372-bc13-1fc8039b2a4e.jpg

c58edd47-963f-4e38-8794-6e07354af3ab.jpg

958e3d12-a9a7-4326-9ddd-d9a79b859c6d.jpg

204ca4fc-dd87-4e7a-ae7e-6ef1443a0dee.jpg

f1469956-4a18-4599-8b08-f77cce58f992.jpg

79baaf96-1710-48af-a1fc-68554edeb780.jpg

ummet.kz

Бөлісу: