23
Сенбі,
Қараша

һижри

«Діни білім тұтастығы – діни тұрақтылық кепілі» республикалық конференциясы өтеді

Мешіт тынысы
Жарнама

Алматыда «Нұр-Мүбәрак» университетінде «Діни білім тұтастығы – діни тұрақтылық кепілі» атты республикалық тәжірибелік конференция өтеді.

Конфренцияда қазақстандық студенттерді шетелде оқыту мәселесі, медреселерді колледж деңгейіне көтеру, діни білім беруді жетілдіру, имамдардың біліктілігін арттыру, т.б. мәселелер сөз болады.

Конференция соңында  «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 2020 жылға дейінгі білім беруді дамыту Тұжырымдамасы» атты тұңғыш рет тарихи құжат қабылданады.

Тұжырымдама – діни білім беру жүйесі бойынша бағыт-бағдарымызды айқындайтын, жолымызды көрсететін бағдаршам іспетті басты стратегиялық құжатымыз. Тұжырымдама мақсаты – жастарға, жалпы жұртымызға толыққанды, сапалы, бәсекеге қабілетті діни білім беруде, зайырлы біліммен қоса, басқа да салаларды ұлттық құндылықтарымызбен сабақтастыра отырып түсіндіру, діни білім беруді жетілдіру. Жастарды діни экстремизм мен радикалды ағымдардан сақтандыру.

Медреселердің оқу бағдарламаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Міндетті діни пәндерден бөлек қазіргі заман талабына сай қоғамдық мамандықтар қосылды. Медреселеріміз колледж деңгейіне көтерілді. Жаңа қабылданған Жарғы бойынша медресе-колледж деп аталады. Демек, медресе-колледжімізді бітірген шәкірт кез келген мемлекеттік мекемелерде діни және зайырлы мамандықтар бойынша қызмет ете алады. Бұл – болашақ дін қызметкерлері үшін үлкен мүмкіндік, зор жетістік.

Конференцияға бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы, Дін істері комитетінің басшылары, медреселердің директорларды, діни сауат ашу курстарының ұстаздары, т.б. дінтанушы-ғалымдар қатысады.

Конференцияның өтетін уақыты мен орны: 24 қараша, 2015 жыл, сағ:10:00-де «Нұр Мүбәрак» университетінде (әл-Фараби 73) басталады.

Ұйымдастырушылар: ҚМДБ, «Нұр-Мүбәрак» университеті.

Қосымша байланыс үшін: ҚМДБ Баспасөз қызметі: Ағабек, + 7 702 350 53 13. Алдын ала хабарласуларыңызды сұраймыз!

Бөлісу: