30
Сейсенбі,
Сәуір

һижри

Дін ұстанымы – бірлікті сақтау (ФОТО)

Мешіт тынысы
Жарнама

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілдігі, «Нұр Астана» орталық мешітінің ұйымдастыруымен «Әлжан ана» мешітінде «Ислам және зайырлы қоғам» атты имамдар семинары өтті.

Жиында жуырда ғана Діни басқарма тарихында тұңғыш рет ұйымдастырылған «Ислам және зайырлы қоғам» конференциясында арқау болған тақырыптар талқыланды. ҚМДБ наиб мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы дін қызметкерлеріне алқалы басқосуда қабылданған Үндеуде қамтылған Отанға қызмет қылу, білім алу, зайырлы қоғам қағидалары мен ел заңнамаларына құрметпен қарап, ел дамуына үлес қосу сынды салмақты мәселелер жайында баяндап өтті.

«Мемлекетіміздің қамқорлығымен дін саласының қарқынды дамып отырғаны баршаларыңызға белгілі. Мешіт-медреселерден бөлек, іргелі діни оқу орны «Нұр Мүбәрак» университетінің негізі қаланды. Осындай ауқымды жұмыс нәтижесінде бүгінде қоғамның талабына сай білікті имамдар корпусы қалыптасты. Астанада өткен «Ислам және зайырлы қоғам» конференциясы делегаттары дін саласына көрсетілген қамқорлық пен дінаралық татулықты нығайту бастамаларын бірауыздан құптап, Үндеу жариялады. Дініміздің негізгі ұстанымы да бірлік пен татулықты сақтау. Осы форум аясында біздің ендігі атқарар қызметіміз де Отанын, елін, жерін, діні мен дәстүрін сүйетін патриот буын қалыптастыруға атсалысу. Сондай-ақ, дін атын жамылған экстремистік идеялардың таралуына жол бермеу, ел мұсылмандарының біртұтастығын сақтау болмақ» деді наиб мүфти. 

Имамдар семинарында төл тарихымызға сіңген дәстүрлі дін насихатын жүйелі түрле жалпақ жұртқа жеткізу, жалпы адамгершілік құндылықтарын, халқымыздың салт-санасын жаңартып, дәстүрін жаңғырту мәселелеріне орай пікір алмасулар болды.  Семинарда сонымен қатар, қала мешіттерінің қызметі, жұмыс жоспары да талқыланып, діни сауат ашу, қайырымдылық шаралары, уағыз-насихат жұмыстарын жандандыру секілді Діни басқарма бекіткен басты бағыттардың орындалу барысы тыңдалып, бірқатар тапсырмалар жүктелді.


«Нұр Астана» орталық 

мешітінің баспасөз қызметі

Бөлісу: