30
Сейсенбі,
Сәуір

һижри

Миллетке қызмет – мешітке міндет (ФОТО)

Мешіт тынысы
Жарнама

Мешіттің тыныс-тіршілігі мен күнделікті жұмысы әрбір имамның көз алдында тұруы тиіс. Алла үйіндегі жұмыстар сәт сайын жанданған кезде ғана теріс ағымдарға тосқауыл жасалып, имандылық тәрбиенің қуат алуына жол ашылмақ.

 Кеше бас шаһарда өткен «Ислам және зайырлы қоғам» атты имамдар семинарында осы мәселеге ерекше көңіл бөлінді. Алдымен Астана қаласы мешіттерінің қаңтар-ақпан айларында атқарған жұмыстарының есебін тыңдаған наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы айлық, сондай-ақ жылдық есептің дұрыс болуы үшін апталық есепке жауапкершілікпен қарауды тапсырды.

«Әрбіріңіздің дін үшін жасап жатқан қызметтеріңіз жетерлік. Десе де, барлығымыз дәстүрлі бағытты насихаттай отырып, теріс ағыммен күресті күшейту керек. Мешіттердегі атқарылып жатқан санқырлы жұмыстар осынысымен де көрінуі тиіс» деді наиб мүфти.

Семинар жұмысын қорытындылаған бас имам Н.Тағанұлы қала имамдарына Діни басқарма жүктеген төрт бағыт – уағыз-насихат, теріс ағымдармен жұмыс, қайырымдылық іс-шаралары, сауат ашу курстарының жұмыстары жүйелі жүргізілуі керектігін тапсырды.

Нұр Астана» орталық

мешітінің баспасөз қызметі

Бөлісу: