25
Дүйсенбі,
Қараша

һижри

Наиб мүфти: «Жақсылықта жарысып, ізгілікте бас қосайық» (ФОТО)

Мешіт тынысы
Жарнама

ҚМДБ наиб мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы «әл-Ғани» мешітінде кезекті жұма уағызын өткізді.

Наиб мүфти жұма уағызына мұсылман қауымындағы қадірлі айларды арқау етіп, ислам құндылықтары жайында баян етті.

«Иісі мұсылман халқына мүбәрак айлар да келіп жетті. Ережеп, Шағбан айлары бізді құлшылыққа құлшындырып, өзімізді кемелдендіруге шақырады. Рамазан айын сүйіншілейтін уақыттарда біз мүмкіндігінше көбірек ғибадат етіп, дұға-тілек үстінде болғанымыз абзал. Себебі, ардақты пайғамбарымыз айтып кеткендей, Ережеп – ғибадаттың, Шағбан – тақуалықтың айы болса, ал Рамазан – осы екеуінің жемісін арттыратын ай. Қадірлі ағайын, бүгінгі төккен тер, еткен еңбегіміз – ертеңгі егініміз. Ілгергі ізгі сахабалар қасиетті айларда үлкен ықыласпен құлшылық еткен екен. Нәпіл намаз бен ораза ұстауды жиілеткен. Сондай-ақ, жоқ-жітік, жетім-жесір, кедей-кепшіктерге қол ұшын созып, көмектесу – қайырлы да сауапты амалдар. Адамзаттың игілігі үшін жеткен дініміздің асыл құндылықтарын жалғастырып, келер ұрпақтың санасына имандылық дәнегін егу – біздерге асыл аманат. Жастарға үлгі-өнеге болып, асыл шариғатымызды, дәстүрлі мұраларымызды жеткізейік. Жақсылықта жарысып, ізгілікте бас қосайық. Алла дінімізге күш-қуат беріп, еліміздің берекелі еткей» деді наиб мүфти Н.Тағанұлы.

Қасиетті айдың басын жұма күнгі осындай әсерлі уағызбен бастаған мешіт жамағаты сауапты айдың салмағын сезініп, имани қуат алды.

«Нұр Астана» орталық 

мешітінің баспасөз қызметі

Бөлісу: