05
Жексенбі,
Мамыр

һижри

Дін насихаты жалғасуда (ФОТО)

Мешіт тынысы
Жарнама

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен төрт бағыт бойынша дін саласында маңызды да мазмұнды шаралар жиі өткізіліп келеді.

Елордада дәстүрлі ислам құндылықтарын насихаттау жұмысы Діни басқарманың бас жоспарына сәйкес жүйелі түрде қолға алынған. Осы мақсатта «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы, ЖАНТ мүшесі (Жергілікті ақпараттық-насихат тобы) Бақытжан Өткелбаев қала іргесіндегі «Қырқыншы станса» елдімекенінде орналасқан «Әс-Сәлам» мешітінде кездесу өткізді.

Б.Өткелбаев «Ислам – қос дүниелік бақыт діні» тақырыбында мешіт жамағатына уағыз айтып, асыл шариғатымыз жайында кеңінен сөз қозғады. Бұл жүздесу мұсылман қауымының қасиетті айларының бастауы – Ережеп айының келуімен де ерекшеленді. Жамағатпен өткен жүздесу қасиетті айда арнайы жайылған дастархан басында жалғасты. Наиб имам жамағаттың көкейкесті сауалдарына дін тұрғысынан тұщымды жауаптарын берді.

Айта кетсек, қазіргі уақытта «Әс-Сәлам» мешітінің дайындық курсында өңірлерінен келген 12 шәкірт білім алуда. Тыңғылықты дайындықтан өткен тыңдаушылар медреселер мен діни оқу орындарында емтихан тапсырып, дін білімін жалғастыра алады.

 

 

ummet.kz-ақпарат 

Бөлісу: