22
Жұма,
Қараша

һижри

Құбылаға жүз бұрды тағы бір жан

Мешіт тынысы
Жарнама

Бүгін астаналық мұсылман үмметінің қатары толықты. «Нұр Астана» орталық мешітінде орыс ұлтының өкілі кәлима шахадатын айтып, ислам дінін қабылдады.

Орталық мешіттің наиб имамы Әділхан Серікбай Иннаға ислам жайында мазмұнды уағыз айтып, маңызды ақпараттардан хабардар етті. Ислам тарихынан сыр шертіп, имандылық кәусарынан әңгіме өрбітті. 24 жасар Соколова Инна Сергеевна  өз кезегінде жан-дүниенің тыныштығы мен туралықтың бақытын исламнан тапқанын жеткізді.

Исламға деген алғаш қадамын Алла үйінен бастаған Инна мешіттің рухани орда екенін айтып, жылы-шыраймен қарсы алған дін қызметкерлеріне  алғыс жаудырды. Ерлі-зайыпты жас жұп мұнан былайғы өмірлерін асыл шариғатымыздың аясында қалыптастыруға уағдаласты.

«Нұр Астана» орталық 

мешітінің баспасөз қызметі

Бөлісу: