18
Сенбі,
Мамыр

һижри

Оқу жылы қарсаңындағы игі шара (ФОТО)

Мешіт тынысы
Жарнама

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «Зекет» қорының Астанадағы өкілдігінде «Мектепке дайындаламыз» шарасы аясында «Шаш қысқарту» қайырымдылық акциясы өтті.

 

Акция әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасы балаларының жаңа оқу жылына әзірлігіне көмектесу мақсатында ұйымдастырылды.

Ісіне шебер шаштараздар мектеп жасындағы ұлдар мен қыздарға лайықты шаш үлгілерінде қысқартып берді.

Айта кету керек, аталмыш жоба әлеуметтік қоғамның жанашырлық, қайырымдылық сезімдерін оятып, тұрмыс-ахуалы төмен отбасыларға, мұқтаж адамдарға қол ұшын созуға ықпал етеді. Оқу жылы қарсаңында арнайы мамандардан мейірімін сезініп, жылы ілтипатқа ие болған оқушылар мен ата-аналары алғыстарын айтты.


 

«Нұр Астана» орталық

мешітінің баспасөз қызметі

Бөлісу: