04
Сенбі,
Мамыр

һижри

«Әс-Сәлам» мешіті оқушыларға сый жасады (ФОТО)

Мешіт тынысы
Жарнама

Астана іргесіндегі Теміржолшылар кентінде орналасқан «әс-Сәлам» мешітінде «Мектепке жол» қайырымдылық шарасы өтті.

Жаңа оқу жылы қарсаңында өткен сауапты акцияда тұрмысы төмен отбасыларға көмек көрсетіліп, 53 оқушы мектепке қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді.

Шара соңында ата-аналар сауапты іске ұйытқы болған дін қызметкерлеріне  алғыстарын айтып, игі шараға демеушілік жасаған барша азаматтарға ізгі тілектерін білдірді.

«Әс-Сәлам» мешітінің бас имамы Нұрбол Абсаттарұлы балғындарды білім күнімен құттықтап, бас мүфтидің бастамаcымен іске асырылып жатқан игі шараның маңыздылығына тоқталды. Бас имам өз кезегінде шәкірттерді мешіттен қол үзбей, иман нәрімен сусындап, «Мәңгілік елдің» білімді де, парасатты азаматтары болуға шақырды.


«Нұр Астана» орталық 

мешітінің баспасөз қызметі

Бөлісу: