03
Жұма,
Мамыр

һижри

«Әйел және ғаламтор» семинары өтті (ФОТО)

Мешіт тынысы
Жарнама

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан құрылған «Жібек» қыз-келіншектер клубы қазіргі уақытта жүйелі жоспар құрып, белсенді қызмет етіп келеді.

«Нұр Астана» орталық мешітіне жиылған клуб мүшелері «Әйел және ғаламтор» атауымен семинар өткізіп, бірқатар маңызды мәселелердің түйінін тарқатты. Орталық мешіттің наиб имамы Марат Бектазинов семинар көтерген тақырып жайында түсініктеме берді. ҚМДБ әйел-қыздар секторының меңгерушісі Ақбөпе Тілегенова дін атын жамылған келеңсіз құбылыстар діни сауатсыздықтан туындайтынын атап өтті. Дәстүрлі дін жолын бекем ұстанған жанның жаза баспайтынын айта келе, әйелдер жамағатына білімді мешіттен ғана алуды ұсынды.

Жиынға арнайы қатысқан Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының ғылыми қызметкері Диана Есенова интернет пен әлеуметтік желілерде жат ағым идеологиясының таралу қаупі мен оның салдары турасында ескертіп, кез келген ресурстың мәліметін сүзгіден өткізіп, ресми мамандардан кеңес алуға шақырды.

«Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстазы Элмира Бұхарбаева интернет арқылы шетелдегі беймәлім адамдардан пәтуа алудың қауіптілігіне назар аудартты. Сондай-ақ дін мәселелері бойынша ҚМДБ-ның Шариғат және пәтуа бөліміне хабарласуға және оның арнайы ашылған сайтынан өзекті сұрақтардың жауабын алу мүмкіндігі мол екендігін мәлімдеді.

Ал «Нұр Астана» орталық мешітінің ресми Ummet.kz сайтының жетекшісі Ерлан Әлмен Діни басқармаға қарасты жиырмаға жуық сайттар асыл дінімізді бір бағытта, дәстүрлі жолмен насихаттайтынын айтты. Сонымен қатар, ҚМДБ өкілдігі болып табылатын орталық мешіт сайтының жыл сайын жаңарып, тың да мазмұнды мәліметтермен толығып, жақсы жобалар жүзеге асырылып отырғанын әрі ресми сайттардан ислам құндылықтарына қанығуға болатынын жеткізді.

Семинар соңында «Нұр Астана» мешітінің ұстазы Динара Нұрғалиева бүгінгі қоғамдағы түйіткілді тақырыпты талқылауға келген қонақтарға алғыс білдіріп, мұндай маңызды шараларды алдағы уақытта та ұдайы ұйымдастыру жоспарға алынғанын хабарлады.

IMG 9462

IMG 9466

IMG 9469

IMG 9507

IMG 9510

IMG 9533

IMG 9538

IMG 9554

IMG 9560

IMG 9564

IMG 9571

IMG 9592

IMG 9598

IMG 9612

IMG 9620

Нұр Астана» орталық

мешітінің баспасөз қызметі

Бөлісу: