22
Жұма,
Қараша

һижри

Жастар – жақсылық жаршысы (ФОТО)

Мешіт тынысы
Жарнама

Ислам құндылықтары жақсы амалдар мен ізгі ниеттерге негізделген. Мешіттер осы игіліктердің іске асар құтты мекеніне айналған. Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының «Мешіт тек мінәжат орны ғана емес, мәдениет ордасы болуы тиіс» деп, алға қойған биік мақсаттары да айқын іске аса бастады.

 

«Нұр Астана» орталық мешітінде осындай игі бір кеш өтті. Қала орталығындағы құлшылық ордасына бес уақыт намазға ұдайы қатысуды дағдыға айналдырған жергілікті жастар жамағаты осыдан бір жыл бұрын «Жақсылықта жарысайық» атты еріктілер тобын құрды. Мешіт имамдарына ізгі ұсыныспен келген жастар қала аумағындағы тұрмыс-ахуалы төмен отбасыларды апта сайын азық-түлік, тұрмыстық тұтыну заттарымен қамтып, қамқорлық танытуға ниетті екендіктерін жеткізеді. Осылайша игі ниетпен құрылған топ бүгінде  әр аптаның жексенбі күндері 3-4 отбасыға қажетті азық-түліктер жеткізіп, сауапты іске жол салды. Бұл күнде аталмыш жоба игі үрдіске айналып үлгерді.

Бүгін «Жақсылықта жарысайық» ерікті жастар тобы бастаған жобаның жүзеге асып келе жатқанына жыл толуына орай мешітте дастархан жайылып, арнай кеш ұйымдастырылды.

Айтулы кешке ҚМДБ наиб мүфтиі, «Нұр Астана» орталық мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы қатысып, ізгі тілегін айтты. «Дініміз әрқашан жақсылыққа шақырып, ізгілікке үндейді. Мешітімізде тәлім-тәрбие алған мұсылман жастарының, іні-бауырларымыздың мұндай мәнді, мағыналы әрі сауапты іске жұмылып жатқанына қуаныштымыз. Қоғамда қордаланған мәселелерге бей-жай қарамай, мұқтаж кісілерге қол ұшын созып, қамқорлық таныту – мұсылманның міндеті. Міне, жастар, сіздер осы үдеден шығып, көп адамға үлгі бола білдіңіздер. Біз мешіт тарапынан сіздерге қолдау білдіруге әзірміз. Асыл шариғатымыз біздерді, мұсылман үмметін жақсылықта жарысуға, игі іске бірігуге шақырады. Алла Тағала сіздерге разы болсын» деді наиб мүфти Н.Тағанұлы.

Астана қаласы әкімдігі Дін істері басқармасының басшысы Данияр Есін де осы кештің куәсі болып, жалынды жастардың қолға алған жобасына ризашылық танытты. Бұл бастамаға өзі де үн қосқысы келетінін айтып, тілек-ниетін жеткізді. Ал осы жобаға ұйытқы болып, жастарға жол көрсеткен сол уақытта «Нұр Астана» орталық мешітінде наиб имамы қызметін атқарған, қазіргі кезде «Төлебай» мешітінің бас имамы Асхат Сәлімов жамағатқа өз ақыл-кеңесін берді. «Жақсылық жасау үшін дәулетті, бақуатты болу шарт емес. Ең бастысы – ниет. Ниетіміз шынайы болса, ізгі істер жасаудың әрқашан да жолдары мол. Сол себепті, баршаларыңызды ұйымшылдыққа, ауызбіршілікке және жақсылық жасауға шақырамын» деді А.Сәлімов.

Кеш барысында «Жасқылықта жарысайық» еріктілер тобының әкімгері Ерлан Райымқұлов жыл бойына атқарылған іс-шаралар есебін арнайы слайд-тақтасы арқылы көпшілік назарына ұсынды. Әсерлі кеш пен ақ дастарқанның қонағы болған жамағат белсенді топқа тілектестік білдірді.

IMG 9678

IMG 9673

IMG 9676

IMG 9682

IMG 9702

IMG 9699

IMG 9751

IMG 9775

IMG 9755

IMG 9727

IMG 9776

IMG 9731

IMG 9788

IMG 9733

IMG 9746

IMG 9734

IMG 9736

IMG 9741

IMG 9796

IMG 9801

«Нұр Астана» орталық

мешітінің баспасөз қызметі

Бөлісу: