06
Дүйсенбі,
Мамыр

һижри

«Нұрлы мінбер – 2016» имамдар байқауының алғашқы кезеңінің нәтижесі

Мешіт тынысы
Жарнама

Асыл дініміздің адал насихатшысы саналатын имамдардың бүгінгі қоғамдағы бәсекеге қабілеттілігі, қарым-қабілеті сынаққа түскен «Нұрлы мінбер-2016» жобасының алғашқы кезеңі өтті.

ҚМДБ өкілдігі «Нұр Астана» орталық мешіті қолға алған жоба биыл екінші рет ұйымдастырылып отыр.

Байқаудың алғашқы кезеңі бойынша қаладағы сегіз мешіттен қатысатын имамдардың бейнеуағыздары порталымызда көрермендер дауысына салынды. Ендігі айналымда үміткерлер әділ-қазылар алқасына өздерінің жеке портфолиосын (жеке іс-парағы, алғыс хаттары, жетістіктері, жазған кітаптары т.б.) және 2016 жылы ҚМДБ-ның төрт бағыты аясында атқарған жұмыстарының есептік-суреттерін слайд-шоумен (PowerPoint бағдарламасында, шекті саны – 15 бет) әзірлеуі тиіс. Қажетті талаптарды орындағаннан кейін байқаудың негізгі кезеңінде көпшілікке баяндайды.

Еске салсақ, «Нұрлы мінбер-2016» имамдар байқауы 23 қараша күні сағат 14:00-де «Комфорт Отель Астана» қонақ үйінің мәжіліс залында өтеді.

Ал алғашқы кезеңдегі дауыс беру нәтижесі төмендегідей:

Қабылбек Әліпбайұлы, "Нұр Астана" орталық мешіті – 1099 дауыс (32.4%)

Нұрбол Абубакиров, "Әс-Сәлам" мешіті – 806 дауыс (23.7%)

Жасұлан Әбутәліп, "Сәдуақас қажы Ғылмани" мешіті – 691 дауыс (20.3%)

Асқар Мұқанов, "Әзірет Сұлтан" мешіті – 432 дауыс (12.7%)

Елімай Ұтысхан, "Әлжан Ана" мешіті – 197 дауыс (5.8%)

Алтынбек Хусаинов, "Шейх Кунта қажы" мешіті – 110 дауыс (3.2%)

Нұржан Тоқашев, "Әл-Ғани" мешіті – 42 дауыс (1.2%)

Дәурен Муслимов, "Төлебай" мешіті – 20 дауыс (0.6%)

«Нұр Астана» орталық

мешітінің баспасөз қызметі

Бөлісу: