22
Жұма,
Қараша

һижри

Оңалту жұмысына үлес қосқан имамдар марапатталды (ФОТО)

Мешіт тынысы
Жарнама

Түзеу мекемелеріндегі азаматтармен жұмыс, оларды қалыпты өмірлік ұстанымға қайтару – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының маңызды міндеттерінің бірі. Діни басқармаға қарасты өкілдіктердің бекітілген қызметкерлері осы мақсатта түзеу колонияларында жүйелі жұмыс атқарып келеді.

Астана қаласында «Ақталушылық технологиялар мен тұжырымдамалар» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Сотталған және түзету мекемелерінен босап шыққан азаматтарды қайта әлеуметтендіруге жағдай жасау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Жиынға Астана қаласы Ішкі істер департаменті, түзеу мекемелері қызметкелері, жұмыспен қамту орталығының өкілдері, сондай-ақ мешіт имамдары қатысты. Дөңгелек үстел жұмысында жалпы сотталғандар мен жазасын өтеп шыққандардың құқықтары және оларды жұмыспен қамту мәселелері талқыланып, тараптар өз ой-пікірлерін ортаға салды.

Дін қызметкерлері өз кезегінде жаңылыс басып, жазасын өтеуші азаматтардың қоғамның мүшесі екенін ескере келе, оларды оңалту, көзқарастарын түзеп, бағыт-бағдар берудің маңыздылығына тоқталды. Бұл реттегі жұмыстар жан-жақты, әр тараптан бірізді жүргізіліп, жоспарлы түрде атқарылуы да қажеттігін атап өтті.

Жиын соңында қалалық түзеу мекемелерінде жазасын өтеуші азаматтармен нәтижелі жұмыс жасап, уағыз-насихат жүргізген «Әс-Сәлам» мешітінің бас имамы Нұрбол Әбсаттарұлы мен «Садуақас Ғылмани» мешітінің наиб имамы Мәмлүк Мұсаев қор атынан «Алғыс хатымен» марапатталды. Қор өкілдері имамдардың белсенді жұмыстарына алғыс айтып, ел тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтап, қызметте жетістіктерге жете беруге тілектестік білдірді.

IMG 3584

IMG 3583

IMG 3589

IMG 3605

«Нұр Астана» орталық

мешітінің баспасөз қызметі

Бөлісу: