22
Жұма,
Қараша

һижри

Астана имамдары жылды қорытындылады (ФОТО)

Мешіт тынысы
Жарнама

Елорда имамдары биылғы жылы еңсерген іс-шаралардың қорытындысын жасады.

Жыл ішінде іске асырылған жұмыс есебіне арналған жиын Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының наиб мүфтиі, Астана қаласының бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен өтті. Жиын барысында елорда руханиятындағы оң нәтижелер, ескерілетін кемшін тұстар мен алдағы күннің жұмыс жоспары қамтылды.

Айта кетсек, ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы ел имамдарына дін саласындағы қызметті негізгі төрт бағыт – үгіт-насихат жұмыстарын жандандыру, қайырымдылық шараларын ұдайы ұйымдастыру, теріс пиғылды ағымдармен күрес, сондай-ақ мешіт жанындағы сауат ашу курстарының қызметін жүйелендіру бойынша орындауды мақсат етіп қойған еді. Астана имамдарының  биылғы жылы еңсерген жұмыс нәтижелері бас мүфти көрсеткен үдеден шықты. Сегіз мешіттің бас имамдары мәдени-рухани, қайырымдылық, діни ағартушылық және уағыз-насихат жұмыстарын баяндады.

Бас имам баяндамаларын тыңдап, жұмыс нәтижелеріне оң бағасын берген наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы алдағы уақытта да жұмыс қарқынын бәсеңдетпеуге шақырды. Наиб мүфти жиын соңында дін қызметінде белсенді қызмет еткен бірқатар имамдарды «Алғыс хатымен» марапаттады.

Abs2

Abs3

Abs4

Abs5

Abs6

Abs7

Abs8

Abs9

Abs10

Abs11

Abs12

Abs13

Abs14

Abs15

Abs16

Abs17

Abs18

«Нұр Астана» орталық

мешітінің баспасөз қызметі

Бөлісу: