23
Сенбі,
Қараша

һижри

Жұма насихаты: "Ата-анаға құрмет баршаға міндет" (ФОТО)

Мешіт тынысы
Жарнама

Жұма – мұсылман қауымы үшін қасиетті күн. Бұл күні иісі мұсылман жамағаты мешіттерге ағылады. Қиямда сап түзеп, тізе түйістіреді. Сәждеге бас қойып, Алладан бірге дұға-тілек жасайды. Осынау күні Алла Тағалаға сансыз мақтау-мадақтар айтылып, Оның Елшісі Мұхаммед пайғамбарымызға (с.а.с.) сауалаттар жолданады. Ислам құндылықтары насихат етіледі.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы соңғы жылдары республика мешіттерінде айтылатын жұма уағыздарын бірізді жүйеге түсіріп, соның нәтижесінде «Жұма уағызы» кітабы жарық көрді. «Нұр Астана» орталық мешіті оң бастаманы одан әрі жалғастырып, әр жұма күні айтылатын уағыздың арнайы парақша-буклеттерін әзірлеп, игі бір іске ұйытқы болды. Осы аптада «Ата-анаға құрмет баршаға міндет» турасында бас имам тарқатып айтқан жұма уағызы парақшасы мешітке жиылған халыққа таратылды. Жамағат өз кезегінде мұндай бастаманың маңызды екенін айтып, өз ризашылықтарын танытты.

Адам құқына ерекше көңіл бөлген ислам діні ата-анаға құрмет көрсетуді мойнымызға борыш етіп жазған. Асыл шариғатымыздағы ата-анаға құрмет көрсету, мейірімділік таныту хақындағы әмірлер, өнеге-өсиеттер мен ұлт танымындағы ұстанымдар жұма уағызы парақшасында қамтылған. Әрбір оқырманның іздегеніне жолықтырып, қажетіне жарайды деген сенім мол. Айта кетсек, жұма уағызы кітапшалары әр аптада осылайша жұртшылыққа жүйелі түрде таратылатын болады.

IMG 1674

IMG 1673

IMG 1700

IMG 1691

IMG 1703

IMG 1713

 

 

«Нұр Астана» орталық мешітінің

баспасөз қызметі

Бөлісу: