23
Сенбі,
Қараша

һижри

Ақида дәрістері діни сенімді нығайтады (ФОТО)

Мешіт тынысы
Жарнама

Ақида – дін саласындағы сенім жүйесінде қолданылатын ұғым. Иман негіздері де осы салада қамтылатын тақырып. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасы Ержан қажы Малғажыұлының дін саласын дамыту үшін бекіткен төрт бағытының бірі – халықтың діни сауатын ашу, жамағатқа арналған дәстүрлі дін дәрістерін жүйелі түрде өткізу болып табылады.

Осы орайда ҚМДБ наиб мүфтиі, «Нұр Астана» орталық мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлының жетекшілігімен елорда мешіттерінде ақида тақырыбына арнаулы дәріс сабақтары ашылып, мұсылман жамағаты иман негіздерінен білім алуда.

Бүгін қасиетті жұма күні «Нұр Астана» орталық мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы діни сенім мектебін мешіттен қалыптастыру мақсатында әйел жамағатына арнайы ақида ілімінен дәріс өткізді.

Бас имам әйел жамағатына ислам мен иман негіздері, дәстүрлі дін мектептері турасында айта келе, діни білім баспалдақтары мешітте қалануы тиістігін атап өтті.

«Ақида тақырыбы – қашанда маңызды мәселенің бірі. Білім көшедегі көк аттыдан емес, мешіттегі дін қызметкерлерінен алынуы керек. Қандай да бір мектеп болса – білім сол шаңырақтың мұғалімдерінен алынады. Қазір қала мешіттерінде арнайы ұстаздар бекітілген. Ілім игерем деген жанға толық жағдай жасалып отыр. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, дәстүрлі дінімізді көркейтіп, өз ақидамызды айқындап алуымыз қажет. «Дінді сауатты  түсіну арқылы дәстүр қасиетін ұғамыз. Ана шариғат ілімін үйрену арқылы ұрпақ тәрбиесінің имандылық нәрімен сусындануына тікелей ықпал етеді. Өйткені, ұрпақ тәрбиесі – әйел адамның негізгі міндеті», - деді Н.Тағанұлы.

IMG 1602

IMG 1635

IMG 1648

IMG 1658

IMG 1608

IMG 1612

IMG 1640

IMG 1638

IMG 1614

 

 

«Нұр Астана» орталық мешітінің

баспасөз қызметі

Бөлісу: