23
Сенбі,
Қараша

һижри

Асыл жанды аналарға құрмет көрсетілді (ФОТО)

Мешіт тынысы
Жарнама

Қарттарға құрмет көрсету – мұсылманшылықтың көрінісі. Асыл дініміз Ислам әрқашан үлкендерге мейірімділік танытуға шақырады. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Астана қаласы бойынша өкілдігі «Нұр Астана» орталық мешіті қарияларға құрмет көрсету шараларын жамағатпен бірлесіп әрқашан іске асырып келеді. Көктемнің алғашқы күндерімен бастау алған "Аналар -асыл жандар" атты он күндік декада және "Астана мейірімді қала" қоғамдық бастамасы аясында кеше наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бастаған «Нұр Астана» орталық мешітінің ұйымдастыруымен, қала сыртындағы қарттар мен мүгедектерге арналған Малотимофеевка медециналық-әлеуметтік мекемесінде болды. Айтулы қайырымдылық шараға құр қол келмей, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Игі шара басында ҚМДБ-ның наиб мүфтиі, «Нұр Астана» орталық мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы қарттарға ізгі тілегін айтты.

Қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай, жығылған да алақанын тосатын адам, Алладан кейінгі екінші қамқоршысы – әр баланың ата-анасы. Қасиетті Құран Кәрімде бұл жайында былай дейді «Раббың өзіне ғибадат етуді, ата-аналарыңа жақсылық қылуларыңды әмір етті. Ал, егер, ол екеуінің бірі немесе екеуіне де кәрілік жетсе оларға «түһ» демеңдер (кейімеңдер)» деп ескертеді. («Исра» сүресінің 23-аяты). Осы аятың ата-анаға деген құрметтің деңгейі ерекше жоғары екенін көрсетеді. «Қарттар – біздің асыл қазынамыз. Біз қарияларымызды тек осындай мерекелерде ғана елеп-ескермей, әр уақытта көңілдерін тауып, қуантып, батасын алып жүруіміз керек. Себебі «Атасыз үй – батасыз, анасыз үй – панасыз» деген қазақ халқында қарттарын қазынасына балап қастерлегені белгілі»,-деп, өмірдің әр қилы жағдайларымен жалғыз қалған қарияларға  жүрекжарды жылы лебізін білдірді.

Астана қаласы әкімдігі Дін істері басқармасының басшысы Данияр Есін де осы қайырымдылықтың куәсі болып, әрбір қария біздің атамыз, шашына ақ түскен әрбір қарт ана біздің әжеміз, сондықтан да «үлкенге құрмет» көрсету біздің борышымыз деп ізгі тілегін білдірді.

Игі шара аясында ҚМДБ «Әйел-қыздар секторы»-на қарасты, «Нұр Астана» орталық мешітінің «Жібек» қыз-келіншектер клубы, Қарттар үйіндегі 150-ге жуық қарияға мерекелік дастарқан жайып, әннен шашу шашып, сый-сияпат жасады. Төсек тартқан кісілерге бөлек сый-сияпат жасалып, құшақтарын гүлге толтырды.

 Бүгінгі игі шара жалпы адамзатты қарт кісілерге көңіл бөлуге, ізет білдіріп, арнайы келіп, жабыққан көңілдеріне демеу болуға шақырып, осы арқылы олардың да өмір жылуын, қамқорлық пен мейірімділікті сезінуін мақсат етеді. Рухани кештен жақсы әсер алып, қуанып қалған қариялар мешіт ұжымына алғыстарын айтып, ақ батасын берді.

IMG 1739

IMG 1746

IMG 1729

IMG 1731

IMG 2253

IMG 2297

IMG 2327

IMG 1832

IMG 2216

IMG 1872

IMG 2161

IMG 1963

IMG 2103

IMG 2086

IMG 2134

IMG 1976

IMG 2164

IMG 2347

IMG 2363

IMG 2368

IMG 2214

IMG 2388

IMG 2408

IMG 2459

IMG 2465

IMG 2474

IMG 2499

IMG 2503

IMG 2524

IMG 2554

IMG 1941

IMG 1958

IMG 1921

IMG 2622

IMG 2661

IMG 2627

IMG 2679

IMG 2645

IMG 2651

IMG 2653

 

 

«Нұр Астана» орталық мешітінің

баспасөз қызметі

Бөлісу: