23
Сенбі,
Қараша

һижри

«Теңбіл доп» турнирі өтті (ФОТО)

Мешіт тынысы
Жарнама

Салауатты өмір салты – мұсылман мәдениетінің мәйегі. Тән мен жанның саулығын Жаратқаннан берілген нығметті аманат деп ұғынатын Астана қаласының дін қызметкерлері рухани қызметпен қатар, спорттық сайыстарға ерекше ден қояды. ҚМДБ наиб мүфтиі, елорданың бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы осындай игі мақсатта бірнеше жыл қатарынан қала мешіттері мен медресесі қызметкерлері арасында әртүрлі спорттық жарыстарға пәрмен беріп келеді.

Бүгін де наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасы аясында "Әл-Ғани" мешітінің ұйымдастыруымен, Астананың 8 мешітінің жамағаты мен имамдары және «Астана» медресесі қызметкерлерінің арасында «Теңбіл доп» футбол турнирі өтті. Жарысқа 10 команда қатысты.

Командалық бағыттағы жарыстың ашылу салтанатында «Нұр Астана» орталық мешітінің наиб имамы Нұрлан Рамазан шараның мақсаты жайында айтып өтті. «Баршаға белгілі, дініміз құлшылықпен бірге дүние тіршілігінде игілікке жарайтын іс-әрекеттерді құптайды. Спорт – осындай маңызды шараның бірі. Алайда, жарыстың биік тұғыры – бірлікте. Бірлік пен салауаттылықты қатар ұстануымыз бізді биіктерге жетелей түседі» деп ойын алаңына құлшынған командаларға дем берді.

Жанкүйерлердің қызу қолдауы мен қошеметімен өткен аламан жарыс қорытындысында Әл-Ғани мешітінің «Есіл» командасы  3 орынға, Кунта Қажы мешітінің «Арландар» командасы 2 орынға, ал Әзірет Сұлтан мешітінің «Сұлтан» командасы 1 орынға ие болып, жеңіс кубогы табысталды. Жеңімпаз командалар ақшалай және арнайы дипломмен марапатталды. Сондай-ақ, жарысқа белсенді қатысқан өзге де командаларға ынталандыру сыйлықтары мен сертификаттар берілді. 

IMG 3602

IMG 3677

IMG 3688

IMG 3708

IMG 3717

IMG 3716

IMG 3751

IMG 3814

IMG 3833

IMG 3895

IMG 3998

IMG 4121

IMG 4206

IMG 4326

IMG 4161

IMG 4414

IMG 4392

IMG 4384

IMG 4435

IMG 4475

IMG 4482

IMG 3641

IMG 4492

IMG 4454

 

 

«Нұр Астана» орталық

мешітінің баспасөз қызметі

Бөлісу: