23
Сенбі,
Қараша

һижри

Астана қаласы мешіттерінің жамағаты арасындағы «Салауатты жамағат» атты ІV қалалық спорттық ойындар сайысы өтеді

Мешіт тынысы
Жарнама

Астана қаласы мешіттерінің жамағаты арасындағы

«Салауатты жамағат» атты ІV қалалық спорттық ойындар сайысының ЕРЕЖЕСІ

Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының Астана қаласындағы өкілдігі «Нұр Астана» орталық мешіті қаладағы мешіттердің жамағаты арасында «САЛАУАТТЫ ЖАМАҒАТ» атты спорттық ойындар сайысын ұйымдастырады.

Жалпы жағдай

«Салауатты жамағат» атты сайыс (ары қарай – Сайыс) дәстүрлі қалалық шара болып саналады;

Сайыстың мақсаты мен міндеттері

  1. Жамағат арасындағы бірлікті, бауырмашылықты, салауатты өмір салтын ұстануды насихаттау;
  2. Жалпы адами құндылықтарды, гуманизмді және толеранттылықты қалыптастыру.

Сайыстың өту кезеңі, өтетін орны мен уақыты

  1. 2017 жылдың 26 наурызы күні, сағат 09:00-де, Астана қаласы, «Алау» мұзайдыны сарайы;
  2. Әр кезеңге бәсекелес 2 команда қатысады. Бәсекелес командалар ү.ж. 24 наурызы күні жеребе арқылы анықталады.

Командаларды тіркеу

  1. Сайысқа қатысу туралы тапсырыс (арнайы хатпен мешіт бланксіне жазылып, мөр қою арқылы команданың атауы, құрамы, ойыншылардың аты-жөні жеке куәлік көшірмелері) ү.ж. 23 наурызына дейін жазбаша қабылданады.

Сайысқа қатысу талаптары

  1. Сайысқа «Нұр Астана», «Әзірет Сұлтан», «С.Ғылмани», «Әл-Ғани», «Төлебай», «Әс-Сәләм», «Кунта қажы» және «Әлжан Ана» мешіттерінің тұрақты жамағатынан және «Нұр Астана» орталық мешітінің сауат ашу орталығы (Абай көшесі) мен «Қауам ад-Дин әл-Итқани әл-Фараби ат-Түркістани» атындағы қарилар орталығының (Қосшы)  шәкірттері мен ұстаздарынан құралған командалар қатыса алады;
  2. Сайысқа қатысушы әр командада құрамында: 40-45, 35-40, 30-35, 25-30, 20-25, 15-20, 10-15, 7-10 жас аралығындағы 8 ойыншы (ер адам) болуы шарт;
  3. Команда құрамындағы ойыншылар жас ерекшелігіне сай 40-45 – №1, 35-40 – №2, 30-35 – №3, 25-30 – №4, 20-25 – №5, 15-20 – №6, 10-15 – №7, 7-10 – №8 нөмірлерімен белгіленеді;
  4. Әр команданың атауы, жеке формасы (футболка), ұраны және жанкүйерлері (10 адам жанкүйер, транспаранттары мен плакаттары) болуы керек.

Сайыстың өту тәртібі

  1. «Сәлемдесу» – командалардың өзін-өзі таныстыруы. Команданың киімі, ұраны бағаланады;
  2. «Үй тапсырмасы» – командалар арнайы дайындап келген бір спорттық өнерлерін көрсетеді (мысалы: гимнастикалық этюд, каратэден н/е басқа да спорттық көріністер т.б. 3-5 минуттық. Сол команда мүшелері ғана көрсетуі тиіс);
  3. «Аламан» – скакалкамен секіріп жарысып барып, айналып қайтатын жерде жазылған Құран аяттарының қай сүреге (соңғы пара сүрелері) тиесілі екендігін жазып, қайтадан секіріп келіп, скакалканы келесі ойыншыға беруі керек;
  4. «Қаппен секіру» – ойыншы қаппен секіріп, белгіленген айналмада берілген тапсырманы («Қазақстан мұсылмандарының Тұғырнамасы» т.б. бойынша сұрақтар) орындап, қайтадан қаппен секіріп, эстафетаны келесі ойыншыға береді;
  5. «Кім жүйрік» – ойыншы доппен жүгіріп, белгіленген жерге дейін жетіп допты шеңбердің ішіне қойып, артқа допсыз қайтады, ал келесі ойыншы жүгіріп, барып допты алып, доппен артқа қайтады. Осылайша ойын барысы жалғаса береді;
  6. «Арқан тарту» – ойыншылар екі топқа бөлінеді. Ойын командалық, есепте өтеді. Арқанның ұзындығы 7-8 м болады. 1 командада 8 ойыншы, ортадан белгіленген сызық бойынша арқан жіпті тарту арқылы ойын басталады. Оң жақ сол жақ команда басым түссе жеңімпаз атанады;
  7. «Теннис жарысы» - ойыншы ракеткамен теннис добын ұрып,  фишканы жылан қыймылымен айналып өтіп, мәреге жетіп, артқа сол қалыпты қайтады да келесі ойыншыға ойын барысын жалғастырады;
  8. «Капитандар сайысы» -  қол күресі жарысы (ережеге сәйкес).

Командаларды марапаттау

  1. Екі кезең бойынша ойын барысында жинаған ұпайларына сай 1-2-3 орын алған командалар «Достық» кубогымен, ҚМДБ-ның Астана қаласындағы өкілдігінің алғыс хаттарымен, медальдармен және сыйлықтармен марапатталады.

Қосымша мәліметтер алу үшін

  1. + (7172) 44-58-48, 8-701-236-45-45, This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it..
Бөлісу: