29
Дүйсенбі,
Сәуір

һижри

Бүлдіршінге арналады бар сыйлық (ФОТО)

Мешіт тынысы
Жарнама

Бүгінде ел мешіттері ұлттық және мұсылман мерекелерінде сан алуан қайырымдылық жәрмеңкелерін ұдайы ұйымдастырып келеді. Аталған жәрмеңкеден түскен қаражат әртүрлі ізгі мақсаттар іске асырылады.

ҚМДБ әйел-қыздар секторы «Нұр Астана» орталық мешітінің «Жібек» қыз-келіншектер клубы биылғы Ұлыстың ұлы мерекесі әз-Наурызда дәстүрлі қайырымдылық жәрмеңкесін «Мейірімділік мекені» атауымен өткізген болатын. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының наиб мүфтиі, «Нұр Астана» орталық мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасын қолға алынған игі бастамадан түскен қаражатқа кеше Республикалық Ана мен бала орталығының онкологиялық бөлімінде ем алып жатқан науқас балаларға арналған қайырымдылық шарасы өткізілді.  

Игі шара барысында арнаулы аниматорлар бүлдіршіндердің көңілін көтеріп, қызықты қойылымдар көрсетті. Әр түсті шарлармен қоса балаларға базарлық таратылды. Сондай-ақ, әр бала мен анасына жеміс-жидек толтырылған кәрзеңке сыйға тартылды. «Жібек» клубының өкілдері ата-аналарға шын ықыласпен тілектерін арнап, балалардың сауығуын тіледі. Ал ата-аналар өз кезегінде жан-жақты демеу көрсетіп, рухани қуат берген барша ұйымдастырушы тарапқа риясыз алғыстарын жеткізді.

Anaa2

Anaa3

Anaa4

Anaa5

Anaa6

Anaa7

Anaa8

Anaa9

Anaa10

Anaa11

Anaa12

Anaa13

Anaa14

Anaa15

«Нұр Астана» орталық

мешітінің баспасөз қызметі

Бөлісу: