29
Дүйсенбі,
Сәуір

һижри

Құранмен шыңдалған шәкірттер (ФОТО)

Мешіт тынысы
Жарнама

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты «Астана» медресе-колледжі шәкірттері арасында «Құран – Алланың сөзі» атты сайыс өтті.

Діни білім беру мекемесінің 2016-2017 жылғы жоспарына сай ұйымдастырылған Құран сайысында 1 курс шәкірттері Құранның 30-шы парасын жатқа оқудан, ал 2 курс шәкірттері Құран жүзінен (тараулары) көркем оқудан білім сынасты.

Айтулы Құран сайысына Мысыр елінен келіп, медреседе ұстаздық етіп отырған Ибрахим Абдулмунғим және Мұхаммад Сайд есімді білікті мамандар және «Нұр Астана» орталық мешітінің наиб имамы, қари Әділхан Серікбай қазылық жасады. Әділ қазылардың ортақ ұйғарымымен қорытынды төмендегідей болды.

1 курс шәкірттері арасындағы білім сайысында 3-орынға Еркебұлан Қанатов (7 000 теңге қаржылай сыйлық), 2-орынға Асқар Ибадулла (10 000 теңге қаржылай сыйлық) және бірінші орынға Ералы Нұғман (Сыйлыққа - ноутбук) лайық деп танылды. Ынталандыру сыйлығына Қуаныш Медеухан ие болды (5 000 теңге қаржылай сыйақы).

2 курс шәкірттері арасында 3 орын Мәулен Тайжановқа (5 000 теңге қаржылай марапат), 2-орын Құзайыр Қажиәкбаровке (7 000 теңге қаржылай марапат) және 1 орын Талғат Қайырғалиевке (10 000 теңге қаржылай марапат) берілді. Айта кетер жайт, дін ілімін игеріп, қасиетті Құранды көкірегіне тоқыған білімпаз жастардың білім көкжиегі белгілі бір сый-сияпаттармен шектелмейді. Ақиқат сый Алланың құзырында Оның разылығымен боларын иісі мұсылман білсе керек.

Еске сала кетсек, өткен ақпа айында «Астана» медресе-колледжі шәкірттері арасында «Уағыз айту» жарысы өтіп, болашақ дін қызметкерлерінің шеберлік қарым-қабілеті сынға түскен болатын. Жоспарға сәйкес, жақын уақытта шәкірттер енді «Қазақ өлеңдерін мәнерлеп оқудан» бақ сынайтын болады.

Jariss1

Jariss2

Jariss3

Jariss4

Jariss5

Jariss6

Jariss7

Jariss8

Jariss9

Jariss10

Jariss12

Jariss11

«Нұр Астана» орталық

мешітінің баспасөз қызметі

Бөлісу: